Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәулігіне қанша су ішу керек

Тәулігіне қанша су ішу керек



Әрбір адам тәулігіне 2-2,5 литр су ішуі керек екенін білсе де, көбісі бұл тәртіпті ұстана бермейді. Көпшілігі бұл норманың тым көп екенін айтады. Ауызсуды ішу тәртібін дұрыс ұстануды үйренуіміз керек маңызды 5 жағдайға тоқталамыз.

Граммен қанша ішу керек
Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша қатты колорияға қарағанда сұйық калориялар маңызды. Яғни, біз ішетін сұйықтық кейде жейтін құрғақ тамақтан да қатты семіртеді. Оның ішінде дамыған елдерді жаулап алған тәтті сусындар адамдардың семіруіне себепші болады. Сондықтан да барлық диетологтар қарапайым таза суды ішуге кеңес береді. Бірақ қанша ішу керек? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамға қажетті судың мөлшерін есептеп, бір келі салмаққа 30 мл судан кететінін анықтады. Яғни, салмағы 70 келі адамға тәулігіне 2 л 100 мл су керек. Ол не үшін керек:

1. Салмақ тастауға көмектеседі
Салмақты тез түсіру үшін суды қай кезде ішу керектігі жайлы ғылыми деректер бар. Ғалымдар зерттеуге қатысушыларды екі топқа бөлді. Онда қатысушылардың алғашқы тобы тамақтанудан жарты сағат бұрын бір стақан су ішуге міндеттелсе, ал екінші топтағылар әдеттегідей, күнделікті қалыппен ішуі тиіс болды. Бірақ, екі топтағылар да есеп бойынша қанша су ішу керек еді, сонша ішті. Ал тәжірибенің қорытындысы бойынша, суды тамақтану алдында ішкендер екінші топтағыларға қарағанда орта есеппен үш келі артық салмақ жоғалтты. Айта кету керек, диетологтар бәрінен де ең маңыздысы таңертең аш қарынға бір стақан су ішу керек дейді. Жарты сағат бұрын болмаса да, тамақтанудан кемінде 15 минут бұрын, аш қарынға асықпай бір стақан су ішу керек. Егер асқазанның қышқылдығы қалыпты болса, лимонның жартысын сығып суға қоссаңыз болады. Бұл зат алмасу процестерін, жалпы бүкіл ағзаны оятуға көмектеседі.
«Суды күніне 1-1,5 литрден біртіндеп дұрыс ішу керек және бірте-бірте ұсынылған мөлшерге дейін жеткізу қажет», – дейді Людмила Денисенко. Бірақ, жанкештілікке салынбай ішу керек, өйткені бірден көп мөлшерде су ішу созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. Ең бастысы, қарапайым ауыз суды ішу керек. Себебі, шай, кофе, кока-кола, шөптік шайлар секілді басқа сусындар несеп айдайтын әсерге ие. Яғни, олар денедегі су жетіспеушілікті одан әрі арттырады. Сондай-ақ, кофе, компот, сүт, лимонад, түрлі шырындар да су емес, сұйық тағам. Яғни, олар қарапайым ауыз судың қасиеттеріне ие емес!

2. Қысымды реттейді
Орташа алғанда біздің ағзамыздың 75 пайызы судан тұрады, сондай-ақ қан да 92 пайызы судан тұрады. Сондықтан су жеткіліксіз болған кезде қан қоюланады және қан қысымы көтеріледі. Сол себепті қан қысымы жоғары науқастар қалыпты ауыз су режимін ұстануы керек.

3. Аллергияны бақылайды
Ағзада су жетіспейтін болса гистаминнің өндірілуі артып, ол ағзадағы қалған суды өз қалауы бойынша дұрыс бөле бастайды. Ал гистамин артық болса, онда ол аллергияны белсендіреді. Сондықтан аллергиясы бар адамдарға талап етілген нормада су ішкен өте маңызды.

4. Буындардағы ауырсынуды жеңілдетеді
Әрине, су біздің буындарымыз үшін қажет. Біле білсеңіз, шораяқ (артроз), остеохондроз секілді аурулар ағзаға судың үнемі жетіспеушілігінен туындайды. Өйткені, шеміршек талшығына жеткілікті мөлшерде қоректік заттар түспесе және қанайналым дұрыс жүрмесе ол тез тозады. «Тек бұлшық еттерді ғана емес, сондай-ақ шеміршек тіндерін де жақсы жағдайда сақтау керек. Себебі, соның арқасында шеміршек тініне қоректік заттар түседі», – дейді дәрігер кинезитерапевт Сергей Бубновский. Сондай-ақ, ішу балансын сақтау керек, яғни тәулігіне кем дегенде екі литр су ішуге тырысыңыз. Әсіресе дене жаттығуы кезінде әрбір 15 минут жаттығу сайын бір жұтым су ішу керек. Айта кетейік, ағзада су жеткіліксіз болған кезде, барлық ферменттердің өндірісі баяулап, энергетикалық белсенділік төмендейді. Ондай кезде біз өзіміз ойлағаннан гөрі тез шаршаймыз. Соның салдарынан тіпті, жаттығуларға да барудан қашамыз.

5. Шаштың жылтыр болуын қамтамасыз етеді
Косметологтар өз қабылдауына келгендерден ең алдымен су ішу режимі жайлы сұрайды. Өйткені, судың жетіспеушілігі бет терісіне әсер етеді. Себебі, ағзада су жетіспесе бет терісі кеуіп, әжімдер ерте пайда бола бастайды. Сондай-ақ, ағзаға ау жетіспесе шаш жылтырамай, сынғыш болады. Су тіпті витаминдерден де қатты маңызды. Сондықтан косметологтар, ең алдымен, тәулігіне кемінде екі литр су ішу керектігін айтады.

Нені түсіну маңызды:
Ағзада су жеткіліксіз болғанда, ағзамыз өмірлік функцияларды сақтау үшін клеткалар мен тіндердегі суды ала бастайды. Бірақ, бұл кезде тіпті ең маңызды органдар да зардап шегуі мүмкін. Мысалы, ми гипоксиядан зардап шегуі ықтимал, өйткені ағзада су жеткіліксіз болса қан қоюланып, оттегін нашар тасымалдай бастайды. Сол сияқты жүректе де осы себеп бойынша қиындықтар пайда болады.

ktk.kz
10 қаңтар 2019 ж. 1 445 0