Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйелді кетіру жолдары

Сүйелді кетіру жолдары

Тері қабатына шығатын қабыну әсерінен болатын сүйел кең тараған косметикалық кемшілік саналады. Әрдайым саусаққа жиі шыққыш келеді, сонымен қатар, анда-санда табанға, бетке де шығып жатады. Сүйел көбінесе балаларға шықса керек, алайда, әйелдер мен ерлерде де ешқандай жасқа қарамастан кездесе береді. Неге? Неден пайда болады? Сүйелді ұсақ микробтар тудырады. Бірақ, олардың өсіп жетілуіне жүйке жүйесінің әсері де бар. Сүйел жұқпалы. Олардың тез тарауына жарақаттар да ықпал етеді. Сүйелді қалай кетіреді? Оны кетірудің жолдары көп. Чистотельдің шырынымен сүртсеңіз пайдасы тиеді. Үздіксіз жасап отырсаңыз, сүйелді бірте-бірте жоюға болады. Сарымсақты ұсақтап турап, 24 сағат сүйелге басып қою қажет. Кейін бір матамен танып қойғаныңыз дұрыс болмақ. Сондай-ақ, шикі картоп пен алманы басқан да сүйел кетіруге көмектеседі. Нәтижесінде, сүйел бірте-бірте кішірейіп, қараяды да кете түседі. Сонымен қатар, халық арасында мынандай наным-сенімдер бар: Жаңа туған айға сүйелді көрсетіп тұрып «Менде сүйел бар, сенде сүйел жоқ» деп те айтылады. Ел арасында сүйелді санауға болмайды деген нанымға да мән беріледі, себебі,сүйелді санаса, оның көбейіп кетуі әбден мүмкін деседі. Тағы бір айта кетерлігі, сүйелдің өзінен-өзі кететін кезі болады. Әйтсе де, қол-аяқты өте таза ұстау, осы тұрғыда гигиена сақтау қажетігін білгейсіз. Сүйел кетпей, пайда бола берсе, жоғарыдағы кеңестерді міндетті түрде жасап көріңіз. Алайда, олардың барлығын бірдей қолданбау керек екендігін ұмытпаңыз. Процедуралар аптасына 2-3 рет жасалып тұрады, дегенмен, ешқандай әсерін бермеген жағдайда бірден дәрігер көмегіне жүгініңіз. Өйткені, сүйелдің қол мен бетке көрік бермейтіні айтпаса да белгілі. Есіңізде болсын: Сүйелі бар адамдарға массаж, парафин маскаларын жасауға болмайды.

Massaget.kz
02 тамыз 2018 ж. 4 588 0