Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қасиетті жұмада қандай табысқа кенелуге болады?

Қасиетті жұмада қандай табысқа кенелуге болады?



Исламтанушы жұманың көптеген қасиетінің бірі туралы бөлісті
 Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-анадан бастап, ағайын-туыс пен дос-жаранды құттықтап, ізгі тілек білдіріп жатамыз. Ол да болса жұманың қасиеті жайлы естіп-білгенімізден болса керек, дейді исламтанушы Руслан Қамбар.
Мәселен, Әбу Һурайрадан "Бұл күні бір уақыт бар. Мұсылман пенде сол сәтте сұраған дұғасын Алла Тағала береді…" және "Күн көтерілген ең жақсы күн – жұма. Жұма күні Адам жаратылды, жұма күні жәннатқа кірді және жұма күні одан шықты…" жеткен хадистер бар."Міне, сондықтан жұма күні көп дұға-тілек істеуге әрекет етеміз. Сіздермен жұманың көптеген қасиетінің бірін бөліскім келіп отыр. Құран Кәрімде "Жұма" сүресі бар. Аталмыш сүреде: "Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне (баратын жерлеріңе) тарқалыңдар да Алланың кеңшілігін іздеңдер әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Алланы көп еске алыңдар" деп әмір етілген", — дейді исламтанушы. 
Осы, аятқа қатысты тәпсір ғұламасы Ибн Касир еңбегінде мынадай әңгіме бар. Тәпсірші былай дейді: Ғұлама табиғин Ъирак бин Малик жұма намазын оқып болған соң, мешіт қақпасының алдында тұрып: "Уа, Алла! Расында, Сенің жұмаға шақыруыңа жауап бердім, парызыңды оқыдым. Сондай-ақ, Өзің әмір еткеніңдей жер бетіне өз жұмысына кетіп барам. Маған Өз кеңшілігіңмен ризық-несібе бере гөр. Расында, сен ең қайырлы ризық Берушісің" деп дұға ететін еді" дейді.
Демек, жұма намазын оқып болған соң жасалған еңбек табысты болмақ. Маңызды шаруаларыңызды жұма құлшылығынан кейін жасасаңыз, Құран аятында "..Алланың кеңшілігін іздеңдер…" деп уәде етілгендей, ісіңіз берекетті де берекелі болады. Табысты күннің олжасынан құр қалмаңыз, деп жазады islam.kz. 

sputniknews.kz
08 ақпан 2019 ж. 971 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9021)

12 тамыз 2022 ж.

№63 (9020)

09 тамыз 2022 ж.

№62 (9019)

06 тамыз 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам