Сіз ақыретіңізге не әзірледіңіз?
Бейнетаспаны кері айналдырғандай өткен өмір көз алдыңа тізбектеле бастады. Басыңа қиыншылық туып, мұңайған сәтте бұл өмірмен қош айырылысқың келгенімен, нағыз уақыт таяғанда бәрі басқаша болады екен. Фәни дүние де көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Қимастық. Өлгің келмейді.Бір күнді екінші күн жалғап, зымырап жатқан тоқтаусыз уақыт. Күз келді деп жүргенде, жаңбырға қар араласып, қыстың да ауылы алыста емес екенін сездіруде. Ашық аспаннан гөрі ала бұлтты жиі көретін болдық. Күн де қаһарына мініп, салқындағанның үстіне салқындап келеді.
Бүгін жұма. Алланың құдіреті ме, әлде, жай сәйкестік пе бұл күні кешегі жүйіткіген жел жүгенін тартып, аспанды арнайы тапсырыспен тазартып қойғандай ап-ашық. Жұманың басқа күндерге қарағанда әлде қайда қайырлы екенін білетін Рүстем жұма намазына бару үшін қам жасауда. Себебі, дәл осы жұма күні Адам ата жаратылды, сол күні жәннатқа кіргізілді және жұма күні жәннаттан шығарылды. Осы қасиетті күнде тәубәсі қабыл етілді, аталмыш күні дүниеден өтті. Сондай-ақ, қиямет сағаты да тек жұма күні болады деседі.
Уақыт таяған соң Рүстем іліккен көлікке ілініп, мешітке қарай бет алып келеді. Күндердің сұлтаны болған жұманың қадірін түсінбеген көлік иесі араққа сылқия тойып алыпты. Мұнысымен қоймай ақыл айтып, жол көрсетпекші. «Оқығанмын, бәрін білемін» – деген оның әңгімесі ақылға қонымды болғанымен, аузынан шыққан арақтың иісі сөзіне лайықты болмағандықтан көліктегілер оны жақтырар емес. Иә, қу арақ кімге абырой алып берген. Қанша әділ, оқыған болсаң да абыройыңды төмендетпесе, көтермесі анық.
Мешіттің ауылы алыс болмағандықтан, көзді ашып-жұмғанша келіп те қалды. Рүстем көлік иесіне рақметін айтып, көк күмбезге қарай бет алды. «Аузынан ішімдіктің иісі аңқығанмен, сауапты іс жасап, асыққан мені мешітке тегін жеткізген жүргізушіге алғысым шексіз» – деп көлік иесіне ризашылығын білдіріп, Алладан жүрегіне хидаят тілеп келеді.
Мешіт іші әдеттегідей лық толы. Алдыңғы сап ақсақалдар болса, соңына бірыңғай балалар жиналған. Жұманың не екенін түсінбесе де, жүрегі иманмен нұрлана берсін деген ниетпен алып келген болар, әкелері. Бұл күні адамдардың бір-біріне деген ілтипаты ерекше. Дәл рамазан айындағыдай. «Жұма қабыл болсын» деген күлімдеген жүздер жүрекке жылулық ұялататыны анық.
Мешіт имамы Ораз қажы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің өмірі, миғражға көтеріліп, тозақ пен жәннатты көргендігі жайында әңгіме өрбітті. Қанша дегенмен адамға ой салып, болашақты ойландыратын тақырып. Оның үстіне, соңғы уақытта Рүстемнің денсаулығы сыр беріп, мазасызданып жүргені тағы бар. Өзі де өлім деген сөзді кейіңгі кезде жиі естіп, бақилық болғандар жайлы көп ойланған. Ауырып жүрген бұл тұрмақ, аттай шауып, алысқанын алып ұратын денсаулығы мықты жандар да аяқ астынан фәни дүниелілік болғанын естіп, көріп жүр. Міне, осындай жан күйзелісінде жүрген Рүстем үшін имамның құтпасы, айтқан сөздері оның қайта ес жиып, бойын тіктеуге сеп болды.
Мешітте отырып, имам айтқан уағыздың жетегімен ойға шомылды. Хадисте: «Бір мұсылман өлсе, жер мен көк ол адамды іздеп қайғырады екен. Аспан осында азан шақыратын бір дауыс естілмей кетті десе, жер менің үстіммен жүріп, мешітке баратын бір жан жоқ», – деп қайғырады екен. Ал, біз өмірден өткен соң кім іздейді? Жұрт бізді іздейтіндей не жасадық? Кімге қандай жақсылығымыз өтті? Адам қандай болса, жан алғыш Әзірейіл періште де сондай кейіпте келеді деседі. Жақсы адам болса, көркем бейнеде келіп, жаман адам болса, сұсты, яғни, қорқынышты бейнеде келеді деуші еді. Бізге қандай болып келеді? Қарызым жоқ па еді? Біреудің ақысын алып кетпеймін бе? Әлде тарих толқынында ізіміз қалмай, біз де жоқ боламыз ба? Алда не күтіп тұр? Не істеу керек? Осы сұрақтардың жауабын іздеуде.
Бірде бір кісі үйінен шығып, жан-жағына қарап, күрсініп: «Ех, өтіп бара жатқан дүние», – десе оған көктен дауыс естіліпті деседі. Ол дауыс: «Өтіп бара жатқан дүние емес, сен ғой», – депті. Иә, өтіп бара жатқан біз. Біз қонақпыз. Түбі о дүниеге кетеріміз хақ. Бүкіл жиғанымызды тастап, тек жасаған амалымызды алып аттанамыз. Бірақ, қимастық. Бұл сәтті ойлағанда бүкіл жақындарың есіңе түсіп, әрқайсысының жақсы қылықтары ойға оралады екен. Қимастық сезімі күшейіп, өлімге деген қорқыныш одан да арта түседі. Бұл қорқыныш еш нәрсе емес, алда барзақ әлемі, маһшар алаңы, амал таразысы, сират көпірі, жәннат пен тозақ күтіп тұрған жоқ па? Ертең қабірдегі періштелердің сұрағына жауап бере аламыз ба?
Омар (р.а.) – жәннатпен сүйіншіленген он сахабалардың бірі. Оған пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің «Егер де менен кейін пайғамбар келетін болса, Омар болар еді» деген сөзі бар. Өзі өте әділ, шыншыл кісі болған. Сол Омар (р.а.) мен Әли (р.а) екеуі бауыр, дос болған. Уақыты келіп, Омар сахаба дүниеден озғанда Әли қатты қайғырған көрінеді. Бауырын сағынғаны сонша, – күнде бауырымды бір көрсем деп Алладан тілейтін көрінеді. Осылай күндер өтіп, алты айдан соң аян арқылы Әли Омар (р.а.) досын түсінде көріпті. Досына деген ренішін білдіріп: «Неге сонша сағындырдың»? – деп сұрағанда Омар (р.а.): «Мен қабірдегі сұрақтан енді босап шықтым», – деп жауап берген екен. Жәннатпен сүйіншіленген жанның өзі қабірдегі сұраққа жауап берсе, біздің ойланғанымыз жөн. Жан тапсырайын деп жатқан әкесі баласына мені шұлығыммен жерлесін деп өтінішін айтып, қатты қиналғанда ашып оқы деп хат жазып, жан тапсырған екен. Әкесінің өтінішін орындамақ болған бала кімге барса да «Шұлықпен жерлемейміз», – дегенді ғана естиді. Амалы таусылған бала қиналғанда аш деген хатын алып оқығанда әкесі: «Көрдің бе балам, қанша дәулетті болсам да, бір шұлықты өзіммен бірге алып кете алмай жатырмын», – деген.
Рүстем осындай ойдың жетегімен ойларға шомып отырғанда, Ораз қажының уағызы да тәмамдалып қалды. Санада сарқылған ойлар тек жақсылық жасап, сауапқа кенелу болды. Өткен өмірі көз алдына тізбектелген ол ішінен «Ағаш ексе, сол ағаштың түбін саялаған әр жан иесінің, жемісін жегендердің барлығының сауабы жан тапсырып, амал дәптер жабылғаннан соң да барып тұрады екен дегенді естуші едім, алдағы көктемде көшені көгертемін, арыққа болса да көпір салып, өткен жандардың сауабын аламын, ешбір жанға зиянымды тигізбей, керісінше, алғысына кенелемін, садақа беріп, жәннаттағы үйімді тұрғызамын» деген ойды жүрегінің төріне қойып қойды. Өліп, қайта тірілгендей кейіпке енген ол жұма намазынан соң, жұмысына қайта оралды. Жоқ болғысы келмеді. Бүгіннен бастап, ел аузында жүретін, ауылы мақтан ететін тұлғаға айналамын деген ол білек түріп, тірлігіне кірісіп кетті.
Ал, сіз ақыретіңізге не әзірледіңіз?
Ерұлан ДАТКЕНОВ.