«Аталар» ансамблі неге жоқ?
«Әкеге қарап ұл өсер» деген қазақтың мағыналы сөздері әлі де мәнін жоя қойған жоқ. Бүгінгі әке, ертеңгі ата. Сондықтан, өмір жолындағы әр соқпағын игі іспен өріп, артында өшпес із қалдыруға қам жасау ер адамның бір міндеті. Ата-бабамыз салған сара жолды насихаттап, ақыл дариясында жүрген, қолынан қаламы түспей, көмейінде әуелетер әсем әндері бар ардагерлері, нағыз өнер адамдары барда неліктен «Аталар» ансамблі жоқ деген ой туындады. Һәм елі үшін еңбек етіп, маңдай терін төккен аталардың халық алдында жүргені де жөн шығар. Әлімсақтан «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген» ауызы дуалы шешені бар ел екеніміз белгілі. Сол ерлері езге айналып, батырының батылы әйеліне ғана жететін рухсыз ұрпақ пайда болуда деп бәйек қаққан кездеріміз де жоқ емес.
Осы секілді жанға батар пікірлер жансақ айтылған деген пікір қалыптастыратын «Аталар» ансамблі құрылса, сонау Сыр сүлейлерінің сынығы, Нартайдың нағыз ұрпағы дүниеге келер еді. Қазақтың қос ішекті домбырасынан күй төгіліп, қаражорғасы тағы да сахна төріне көтерілетін болады. Сондай-ақ, көп дүниені жеткізем деп көпіретін емес, кесіп айтатын ерлердің қатары қалыңдай түсіп, арқалы ақыны мен балуан батырлары көбейеді. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өркен Исмаил: «Дала кезіп, бос уақытын карта ойнаумен, не болмаса ішімдікке сылқия тойып жағымсыз істерімен шу шығаратын аталарды көз көріп жүр. Сондықтан, ардагерлерді қоғамдық жұмысқа тартып, «Аталар» ансамблін құрамыз десе қос қолдап қолдайтындардың бірімін. Ол үшін ақы да талап етпеймін. Түске дейін ұрпақ тәрбиесіне, түстен кейін тиімді іспен шұғылдану, денсаулығымыз үшін де пайдалы болмақ» – дейді. Ендеше, Өркен атамыз бастаған Әлмырза Ноғайбаев, Бөрібай Қоңқабаев, Әлімбек Сәрсенов, Мақсұт Досжанов сынды ардагерлер қоштап, «Аталар» ансамблінің мүшесіне айналарына сенеміз. Ауданымызда жалғыз ғана «Ардагерлер» ансамблі бар. Бұл бастама Зәкір Жақыповтың бастамасымен сонау Ұлы Отан соғысында қан кешкен аталарымыздан құралған. Қилы соғысты сипаттап, рух беретін патриоттық әндерді шырқап, елдің ықыласына бөленген бұл топты ауыл тұрғындары сүйсіне тыңдайды. Сондықтан да болар, қарты бар ауылдан қазақилықтың иісі ұрып тұрады. Осы игіліктің әрі қарай жалғасы табылса нұр үстіне нұр болар еді.
Елбасы Н.Назарбаев кезекті Жолдауында «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» – деген болатын. Расымен де, ІТ-технология қарыштап даму үстінде. Осы заматта балаға тәрбиенің үлгісі болар ата-әжелер ауадай қажет. Бейнеттің зейнетін көрер жасқа келгенде, абыройлы қартайып, ақылымен бөлісу ақсақалдардың арманы десек те болады. Үйде жатып дертіне дерт қосқанша, ел алдында жүріп әдемі қартайғанға не жетсін?
Гүлнәр Әбдіханиқызы.