Алдағы міндеттер талқыланды
Жуырда аудан әкімдігінде Шиелі ауданының Қоғамдық кеңесінің
қалыптастырылған құрамы отырысы өтіп, онда аудан әкімі Әшім Оразбекұлы «Болашаққа бағдарланған Шиелі» атты 2017 жылы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы қорытынды есебі тыңдалды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов «Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын шараларды талқылау туралы» баяндама жасады.
Кеңес отырысы басталмас бұрын аудан әкімі Ә.Оразбекұлы Шиелі ауданының құрметті азаматы, қауіпсіздік қызметінің ардагері Серғара Ізтілеуовке көрші елден келген «Ресей Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 100 жылдық» медалін табыс етіп, игі тілектерін тіледі.
Шиелі ауданының құрметтi азаматы, отставкадағы полковник, қауiпсiздiк қызметiнiң қазыналы қарты Серғара Ізтілеуов 1925 жылы Шиелі ауданының аумағындағы «Ошақты көл» деген жерде өмiрге келген. 1932-1933 жылдардағы аштықты көзiмен көрген жан. Ортақшылдағы 7 сыныптық мектептi тауысып, өндiрiс бригадирi болып жүрген кезiнде әскерге шақырылған. 1944 жылы Алматы қаласындағы НКВД-ң офицерлiк мектебiне оқуға түседі. Осыдан бастап зейнеткерлiк жасқа шыққанша қауiпсiздiк қызметiнде жұмыс жасаған.
Қиыншылығы көп мамандықты игеріп, елі үшін қалтқысыз қызмет еткен Серғара Ізтілеуовті құтықтауға арнайы келген Ұлттық кауіпсіздік қызметінің ардагерлері естеліктерімен бөлісіп, сый-сияпатын тарту етті.
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша мінберге көтерілген аудан әкімі Әшім Оразбекұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарды атап, алдағы міндеттер туралы баяндама жасады. Осы тұста «Жадыра» мейрамханасының маңындағы автовокзал, оның мектепке жаяу қатынайтын балалардың өміріне қауіптілігі сөз етілді. Сонымен қатар, жазғы тынығу лагері, такси тұрақтары, салнатын саябақтар, көліктер кептелмеу үшін аспалы көпір салу және кадр мәселелері талқыланды.
Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.