Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БҚО-да бойжеткен арманы үшін күн сайын 120 шақырым жол жүруге мәжбүр

БҚО-да бойжеткен арманы үшін күн сайын 120 шақырым жол жүруге мәжбүр


Батыс Қазақстан облысының Янайкино аулында тұратын 16 жастағы Рамзия Утяпова волейболдан жаттығуға бару үшін күнде Оралға қатынауға мәжбүр. Ол күн сайын қалаға барып-келу үшін 120 шақырым жол жүреді екен. Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.

Спортқа жаны құмар бойжеткен туралы «Грация» аталатын жергілікті воллейболдан әйелдер командасының жаттықтырушысы Куленке Губашева айтып берді.
«Менің әр түрлі спортшыларым болды. Олардың ынтасы мен тәртібі де әр түрлі. Алайда мұндай қызды бірінші рет кезіктіруім. Мұндай қыздар спортта жақсы жетістіктерге жетеді», – дейді ол. Ал Рамзияның өзі әлемдік чемпионатта ойын көрсетуді армандайтынын айтты.
«Кәсіби воллейболшы болғым келеді. Әлем біріншілігінде ойнап, көп доп салып, жеңіске жетсем деймін», – дейді бойжеткен.
Stan.kz 

01 ақпан 2019 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930