Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда көлікті мас күйінде айдаған бойжеткен ағаштарды құлатып, мектеп қоршауына соғылды

Алматыда көлікті мас күйінде айдаған бойжеткен ағаштарды құлатып, мектеп қоршауына соғылды


Алматыда көлікті мас күйінде басқарған бойжеткен апатқа ұшырап, мектептің қоршауына соғылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Жол-көлік оқиғасы Қазыбек би көшесіне жетпей Байзақов көшесінінің бойынша орын алды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігі Байзақов көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан.
Бойжеткен Қазыбек би көшесіне жетейін деген жерде көлікті басқара алмай, арық арқылы ұшып кетіп, екі ағашты жұлып әкеткен. Тіпті, бір ағаш түп тамырымен жұлынып кеткен. Осыдан кейін көлік бірнеше рет айналып, ақыры №136 мектептің қоршауына соғылған.
Куәгерлердің айтуы бойынша, жүргізуші қыз мас болған. Ал дәрігерлер қызды тексеріп, оны оқиға орнында қалдырып кеткен.
Осыдан кейін, 1991 жылы туылған бойжеткен дәрігерлік тексеруден өтті. Онда оның көлікті мас күйінде басқарғаны расталды.
Stan.kz
10 маусым 2018 ж. 1 162 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 111

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031