«Әлем ханымы» көз жұмған жол апаты: Көлікті жүргізуші емес, мас болған күйеу жігіті басқарған
Қырғызстанда «Әлем ханымы-2018» Сәния Шәкірова көз жұмған жол апатында көлікті жәй жүргізуші емес, оның күйеу жігіті басқарған.Бұл туралы Қырғызстанның Ыстықкөл облыстық ІІД де растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі kabar.kg-ға сілтеп.
Ішкі істер басқармасы тергеу жүргізіп жатқан адамның куәлігіне сілтеме жасай отырып, 31 жастағы Шыңғыс есімді жігіт сол күні автокөлігін досының көлігімен ауыстырғанын атап өтті.
Осы факті бойынша «Жол қозғалысы ережелері мен көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жол көлік апатына кінәлі азаматты екі айға қамауға алу жөнінде шешім қабылданған жиналыс өткізілді. Қазірде оның бұғанасына ота жасалғандықтан, бірнеше күн бойы ауруханада жатады. Науқастың беті бері қарағаннан кейін дәрігерлердің рұқсатымен, оны қамауға алып кетеді. Қазіргі уақытта ол арнайы күзеттің қарамағында» ,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, сот-химиялық сараптама оның 2 маусымда Чок-Тал ауылының маңында болған апатта көлікті мас күйінде басқарғанын растады. Соның салдарынан Шәкірова оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған тағы бір 38 жастағы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Stan.kz