Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік апатына ұшырап, басынан қатты соққы алған

Көлік апатына ұшырап, басынан қатты соққы алған

Роберт Браунның 19 жастағы ұлы жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болған. Ал, ер адам ұлының сүйіктісін бітіру кешіне ертіп апаруға міндеттімін, деп санаған.



Бұл туралы Fox News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жас жігіт маңызды рәсімге бір ай бұрын қалғанда көлік апатынан көз жұмған екен. Ал, баласынан айырылған әке “ұлым осы күні сүйіктісінің қайғыға батқанын қаламас” еді, деп есептеген.
Сондықтан ол, Картердің сүйіктісі Кейли Судерсті өмірде бірақ рет болатын бітіру кешіне ертіп апаруды өз міндеті деп санаған.
«Менің ұлым мейірімді және қамқор жігіт болатын. Сондай-ақ, Кейли өте сүйкімді қыз және ол бұрыннан біздің отбасымыздың бөлігі болып кеткен. Ал, бітіру кеші жақындаған сайын, мен “ұлым сүйікті қызының сол кешке барғанын қалар” еді, деп есептедім. Бұл ой маған бірінші қадамды жасауға түрткі болды»,- дейді Роберт Браун.

Кейли бастапқыда бітіру кешіне мүлде барғысы келмеген. Бірақ Картердің әкесі ұсыныс жасағаннан кейін, ол одан бас тарта алмады. Сол түні қалыпты бітіру кеші қалай өтеді, солай болды. Қызға джентельменмен бірге фотосессия ұйымдастырылып, олар тіпті мерекелік шараға Картердің сүйікті көлігіне отырып  барған екен. Бұның алдында Роберт пен Кейли ұлы мен оның сүйіктісінің бірінші кездесуі өткен асханаға барып, тамақтанған.

«Мен бұл бітіру кешінде өте жақсы көңіл көтердім. Сол кешке баруды өтінген Робқа алғысым шексіз. Мен Картердің бұған қатты қуанатындығын білемін және өзінің әкесімен бітіру кешіне қалай бара жатқанымызды көріп, күлімсіреп тұрған шығар»,- деді Кейли Судерс.
Кейли мен Картер үш жыл бойы жақсы достар болған. Содан кейін олардың арасында махаббат ұшқыны пайда болып, екеуі ғашықтар ретінде кездесіп жүрген. Жасөспірімдер қайғылы оқиға болғанға дейін бір жыл бойы кездескен. Жас жігіт Индиана штатындағы университеттен үйіне қайтып келе жатқанда көлік апатына ұшырап, басынан қатты соққы алған. Алайда Картер қайтыс болғаннан кейін, Браунның отбасында тағы да қайғылы оқиға орын алды. Ол  23 жастағы Кристофер есімді үлкен ұлынан да айырылып қалған.

«Өмір әрдайым аяқтан шалады. Алайда алға ұмтылу үшін күш пен батылдыққа қол жеткізуіңіз керек»,- деді Картердің әкесі.
Stan.kz сайты
28 мамыр 2018 ж. 1 342 0