Малайзияда тұратын Джоанне Джозеф есімді қыздың салмағы 13 жасында-ақ 100 келіден асқан. Артық салмақтың кесірінен қызды мектепте көбі келемеждейтін болған. Салдарынан қыз тамақты одан сайын көп жей бастапты. Тіпті, бір тамақтанғанда 5 тәрелке күріш жеп қояды екен. Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.