Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдар не себепті тамақты мөлшерден тыс көп жейді – психолог жауабы

Адамдар не себепті тамақты мөлшерден тыс көп жейді – психолог жауабы




Қазіргі уақытта ас қорыту жүйесінің бұзылуы жиі кездеседі. Не себепті адамдар тамақты мөлшерден тыс көп жейді және онымен күресу жолдары қандай? Бұл сұрақтарға психолог жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.

«Әдетте адам қатты уайымдап, беймаза күйде болған кезде тамақты көбірек ішіп қояды. Мазасызданған кезде жүйке жүсіне салмақ түседі, соны жеңілдету үшін тоңазытқыш есігін жиі ашамыз», - дейді психолог Михаил Лабковский.
Оның айтуынша, адамдар әдетте кешкі уақытта көп тамақтанып қояды, себебі ол кезде үйде болғандықтан, көңілін жұмысқа немесе басқа нәрсеге аудару қиын.
«Адамдар белсенді тамақтану арқылы өзінің іште жиналған агрессиясын «жеп қояды». Біздің жүйке талшықтарымыз қанттан тұрады. Жүйке жүйесіне үнемі салмақ түскен жағдайда көмірсуді көп жеп қоямыз», - дейді ол.
Психолог бұл мәселені шешу үшін кімнің көмегіне жүгіну керек екенін айтты.
«Анорексия және булемия сияқты дерттермен психиатр дәрігерлер жұмыс істейді. Мұндай мәселеге қандай себеп алып келгенін анықтау мақсатында психолог маманның да көмегі қажет болады »,- дейді ол.

Baq.kz сайты
16 шілде 2018 ж. 2 207 0