Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар роботқа арналған «жүйке жүйесін» ойлап тапты

Ғалымдар роботқа арналған «жүйке жүйесін» ойлап тапты


Мамандар жаңа құрылғының арқасында роботтардың сыртқы тітіркендіргіштерге адамдар секілді жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар роботтарға арналған «жүйке жүйесін» ойлап тапты. Осы жаңа құрылғының арқасында роботтар біреуге жақындағанын немесе өздеріне адамның немесе заттың қолы тиіп тұрғанын сезіне алады. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, бұл құрылғыны Сеуль ұлттық университетінің ғалымдары Стэнфордтағы әріптестерімен бірігіп ойлап тапқан.
Құрылғы роботтардың «терісінің» астына орналастырылады. Арнайы датчик роботқа адамның қолы тигенде немесе өзі бір затты ұстағанда миға сигнал жібереді. Осыдан кейін робот ситуацияға сай жауап қайыратын болады.
Стэнфорд университеті профессоры Чжэнань Баоның айтуынша, роботтардың жүйке жүйесі адамдардікіне айтарлықтай ұқсайтын болады. Мұндай құрылғының жасалып жатқанына бір ай болған жоқ. Алдағы уақытта ғалымдар робот саусағының ұшына «жүйке талшықтарын» орналастырмақ.
Baq.kz
05 маусым 2018 ж. 1 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031