Күні бойы отырудың тағы бір қаупі анықталды
Милан университетінің ғалымдары аяқтарға салмақ салу нейродегенеративті аурулардың, оның ішінде жұлынның семуі, шашыраңқы склероздың туу қаупін төмендететінін анықтады. Мамандардың мақаласы Frontiers in Neuroscience журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Эксперимент 28 күн бойы тышқандарға жүргізілді. Олардың құйрығын клеткаға таңып қойып, тек алдыңғы аяқтарымен қозғалатындай етіп жасалған. Тәжірибе барысында тышқандар дұрыс қоректенді және күйзеліс байқалмады. Содан соң мамандар организмде өмір бойы жаңа нейрондарды шығарып отыратын мидың субвентрикулярлы бөлігіне талдау жасады.
Сонда тышқандардың артқы аяқтарын қозғалыссыз қою жүйке баған жасушаларын 70 процентке азайтып тастаған. Импульсті беру және жүйке тінін оқшаулайтын көптеген нейрон толық жетілмеген.
Сондықтан ғалымдар аяққа жасалған жаттығулар сау жүйке талшықтарын шығаратын сигналдарға мүмкіндік береді деген қорытынды шығарды. Ал қозғалыс аз болғанда тінде оттек аз болады. Ол нейрондардың метаболизмін өзгертеді. Бұдан басқа кейбір геннің белсенділігі төмендейді.
Вaq.kz