Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тұрғындарының орташа өмір сүру жасы ұзарды

Қызылордада тұрғындарының орташа өмір сүру жасы ұзарды


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың орташа өмір сүру жасы ұзарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы деректер бойынша облыс халқының орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 72,6 жасты құраған. Ол 2013 жылы 70,6 жасты шамалаған еді. «Аймақта адамдардың өлім-жітім деңгейі 1,8 пайызға төмендеген. Олардың арасында қан-айналым жүйесінен, жарақат пен улану, қатерлі ісік пен өкпенің құрт ауруы сынды сырқат салдарынан болатын өлім-жітім деңгейі азайған», - деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ақмарал Әлназарова. Сыр өңірінде бұл бағытта іргелі істер атқарылып келеді. Аймақ медицинасында заманауи технологиялар енгізіліп отыр. Сондай-ақ, материалдық-техникалық базаны күшейтуге назар аударылады. Соңғы екі жылда облыс бойынша 25 медициналық нысан ел игілігіне берілген. Мамандар тапшылығы мәселесін жою да әрдайым басшылық назарында.  
inform.kz
30 қаңтар 2019 ж. 1 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930