Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жексенбі күніне арналған ауа райы болжамы

Жексенбі күніне арналған ауа райы болжамы


Астана, BAQ.KZ. 27 қараша күні еліміздің басым бөлігінде қар жауып, ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге күшейеді.
 
27 қаңтар 2019 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930