26 қаңтарға арналған ауа райы
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейіп, бұрқасын соғады.Ақмола облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз тұман блса, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз бұрқасын жел болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, түнде тұман түсуі мүмкін. Жарма ауданында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді, ал түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
baq.kz