Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алып қоюды» азайтсақ қайтеді?..

«Алып қоюды» азайтсақ қайтеді?..

Қазақта «Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, баласын апиынға үйрет» деп ащылау айтылған бір сөз бар. Ашынғаннан шыққан бұл сөздің астары да анық емес пе? Ұрпақты тоздыру, шаңырақты шайқалту. Ал, мемлекеттің шаңырағын шайқалту үшін жас­тарды жолдан тайдырса жетіп жатыр. Енді осы көзқарас пайымымызды ой елегінен өткізіп, сөз талқысына салып көрейік. Қашаннан қасиетімізді қашырмаған, басымыздан ғайбат сөз асырмаған халықпыз. «Итің жаман» деген сөздің өзін көңілге алатын халықтың ұрпағы «балаң ішіпті» дегенді есіткісі келмейтіні әсте, белгілі. Тәрбиенің бастауы тал бесік десек, сол бесікті тербейтіндердің өзі тербетіліп жүргенін көргенде қынжыласың, қарның ашады.ҚР Жарнама туралы заңның «Жекелеген өнім түрлерін жарнамалау ерекшеліктері» деп аталатын 13 бабының 1-1 тармағында «алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды жарнамалауға тыйым салынады» делінген. Бұл да «алып қоюды азайту» жолындағы жасалған жұмыстар. Жарнаманы тоқтатқанымен, адамгершілік жолдан адасарын білгенімен азаяр емес. Жоғарыда атап өттік, ұрпақ санасы уланып, жолдан жаңылып жатса болашақ бұлыңғыр. Ал, алдыңғы арба адасса айтар әңгіме бөлек. Ақ сақалдыларымыз бен ақ жаулықтыларымыз, кейбірі әрине, бәтесін «алып қояйық» деп аяқтап, шатасып жатса шағымды кімге айтарсың? Тізгін ұстағанға қарап салтын түзеген ел аға буынмен бірге адасып жатса өкпеңді кімге өткізерсің? Ішімдікке сылқия тойып сайқымазаққа айналып жатқан сақалдыларды көзіміз көріп жүргені жасырын емес. Бұл кісілердің ақылы сыра ішіп отырып, «салқын су тамағыңды ауыртады» дегенмен бірдей емес пе. Қаймақтарымыз қаңбақтай қалғып жүрсе, қалғанынан қандай үміт? Жағамыз бұзылмаса, тынысымыз тарылмайтыны белгілі. Бет түзеген алдыңғы арбамыз адаспаса екен дегеннен туған ой еді бұл.
«Дүниеде ақшаға сатып алуға болмайтын екі нәрсе бар, ол – денсаулық пен адамгершілік. Осы екеуі болмаса байлық та, билік те ештеңе емес», – деген жақсы бір сөз бар. Ал, арақ атаулы аталған екі құндылықты да құрдымға кетіреді.
Бақытжан МӘДЕНОВ.
16 қараша 2017 ж. 1 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031