Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырлы суреттер

Сырлы суреттер


Шығыстан шыққан күн таудың жықпыл-жықпылына жарық түсіріп, табиғаттың көркемдігін ұқтырып тұрғандай. Таудың етегі мұнша әдемі болар ма? Сылдырап аққан бұлақтан үйірімен келіп су ішіп жатқан жылқылар. Айналаның барлығы түгелдей жап-жасыл. Бірақ, мұның бәрін қағаз бетінен тамашалап отырмыз. Қарап тұрсаң кәдімгі кәсіби суретші салды дерсің. Алайда, жас қылқалам шеберлерінің салғанын естіген уақытта таңданысымызды жасыра алмадық. Нартай Бекежанов ауылдық клуб үйінің кітапханасында жас суретшілер сурет көрмесі өтті. Аталған шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында, атақты суретші Әбілхан Қастеевтың 115 жылдығы аясында ұйымдастырылды. «Сырлы бояулар сыр шертеді» деген тақырыбына сай түрлі боялармен салынған суреттерде ерекшелік көп. Кеш қонағы Серікбай Мұратаев суретшінің өмірі, шығармашылығы жай­лы жас өнерпаздарға көп мәлімет берді. Ақын, сазгер Н.Бекежановтың ауылы болғандықтан, күй мен жыр да тыңдалды. Келген көрермендер шараны ұйымдастырған Айгүл Ер­кінбай­қызына алғыстарын білдіріп, алда мұндай шаралардың көптеп өтуіне сенім білдіріп тарқас­ты. Ауылдық мәдениет үйінің директоры Рақымжан Смайлов кешті қорытындылап, жас өнер иелеріне шығармашылық табыс тілеп, алғыс хаттармен марапаттады.

Б.ӘБУТӘЛІПҰЛЫ.
27 қаңтар 2019 ж. 1 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031