Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 ағасы, 3 әпкесі бар: ОҚО-да отбасындағы жиырмасынша бала шетел асып, 9 тіл үйренген

16 ағасы, 3 әпкесі бар: ОҚО-да отбасындағы жиырмасынша бала шетел асып, 9 тіл үйренген



Шымкент тумасы Кенжеғұл Сейітжан үйдің ең кенжесі. Отбасындағы жиырмасыншы бала. Үйдің ең кішісі болғанымен, жеткен жетістігі көп. 9 тіл меңгеріп, спортта дай айтарлықтай жетістікке жеткен. Кенжеғүл Сейітжанның 16 ағасы мен 3 әпкесі бар. Кенжеғұл алты жасына аттан құлап, денсаулығына зақым келген. Бір көзі тек 6 пайыз ғана көреді, деп жазады Замана.
Тарих мамандыңын оқыған ол Америкада екі жарым жыл, Англияда бір жарым жыл оқыды. Қазақ, орыс, ағылшын, жапон, неміс, испан, француз тілін біледі. Қазір өз бетінше түрік, корей тілдерін үйреніп жүр.
Бүгіне жеке бизнеспен айналысып жүр. Жеке хостелі бар. Болашақта Алматы, Астана, Шымкент қаласында хостелдер желісін жасамақ.
200 метрге спринтерлік жүгіру, суға жүзу, тауға өрмелеу, Голбол спортымен айналысқан. Екі адамдық велосипедпен Парижге дейін барған. Тауға өрмелеу спортмен бір жыл айналысып, 2015 жылы чемпион атанған.
2019 жылы тиатлоннан дүниежүзілік чемпионатқа қатыспақ, 2020 жылы Алматы – Токио бағыты бо­йынша веломарафон ұйымдастырмақ ниетте.
“Анама ұсыныс айтып, кино түсіргісі келгендер де болды. Бірақ көз тиеді деп одан бас тарттық. Немере, шөбере мен балалары туралы айтылса, елдің көзі өтіп анам ауырып қалады”, – дейді ол.
Бүгіне Кенжеғұл отбасылы, екі баласы бар. Ел аузында анасының 20 баланың анасы екені сөз болғанда анасы ауырып қалатындықтан бұл жайлы көп айта бермейді.
Stan.kz

16 қаңтар 2019 ж. 804 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031