Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талапкер назарына: "Екі шет тілі" қандай мамандық?

Талапкер назарына: "Екі шет тілі" қандай мамандық?

Шетел тілі: Екі шет тілі академиялық білімнің бакалавр деңгейін көрсететін жоғары білікті мамандықтардың бірі болып табылады. Жалпы екі шет тілін бірдей меңгеріп шығарудағы мақсат еліміздегі билингуалды азаматтарымыздың ретін көбейту, сондай-ақ, өзге елдермен қарым-қатынас тілдерін елде барынша дамыту. Аталған мамандық бакалавр оқу жүйесінде мынадай белгімен белгіленеді - 5В011900. Екі шет тілі мамандығын тәмамдасам, қай жерлерде кім болып жұмыс істей аламын? Екі шет тілін тәмамдаған бітіруші сәйкесінше әлемдегі ең көп қолданылатын екі тілді меңгеріп шығады. Оған екі бірдей квалификация ұсынылады. Бірі педагогикалық, екіншісі аударма ісі. Нақты мамандықтарға мән берер болсақ, бізде ағылшын тілі мұғалімі мен аударма ісі мамандықтары бөлек оқытылады. Ал біз талдап отырған мамандық (Екі шет тілі) екеуінің бірегейі болып табылады. Демек, бітіруші негізгі ағылшын және екінші таңдалған (екінші тілді таңдау студенттің өз мүддесіне беріледі) шет тілдері бойынша ұстаздық етуіне болады. Сонымен қатар, егер тілдерді білуі мен біліктілігі жетсе, аудармашы, тіпті синхронды аудармашы болып жұмыс істеуіне мүмкіндіктер болады. Қызмет түрлері: Жалпы орта мектепте шет тілдердің мұғалімі (екі еуропа немесе бір еуропа және бір шығыс тілдері бойынша); Ағылшын және неміс тілдері мұғалімі; Ағылшын және француз тілдері мұғалімі (немесе испан, итальян тілдері); Француз немесе ағылшын тілдері мұғалімі; Ағылшын және араб тілдері мұғалімі (немесе түрік, қытай, жапон, корей тілдері); Француз және араб тілдері мұғалімі; Арнайы мамандандырылған мектептер мен лицейлерде шет тілдері бойынша ұстаздық ету; Арнайы оқу орталықтары мен орта мамандандырылған колледждерде ұстаз болу; Магистрлік деңгейді жалғастыра оқыған кезде, ЖОО-да аға оқытушы болып қызмет етуге болады; Еліміздегі шетелдік компанияларда аудармашы болып жұмыс атқару; БАҚ аясында шетелдік ақпараттық дереккөздерден тікелей аударатын мәтіндік аудармашы болу; Шетелдік тұлғаларға сапалы синхронды аудармашы болу; Екі шет тілі мамандығы бойынша өткен жылдың статистикасы қандай болды? Күндізгі оқу түрі бойынша өткен жылдың қорытынды сараптамасы мынадай: - Жалпы конкурста қазақ бөліміне 238, ал орыс бөліміне 147 грант бөлінді. Оқуға түсудегі талапкерлердің орта балы екі бөлімде де 88 балға тұрақтады. Грантқа жеткен ең төмен балл 72 (қазақ) мен 66 (орыс) болды. - Ауылдық квота бойынша қазақ бөліміне 131 грант және орыс тобына 74 грант бөлінді. Ең төмен көрсеткіш 68 (қазақ) және 54 (орыс) балдарын құрады. - "Алтын белгі" иегерлері түскен гранттар саны қазақ бөлімінде 25, орыс бөлімінде 15. Ең төмен балдары екі бөлімде де 85-пен шектелді. - Халықаралық пән олимпиадалары бойынша жалпы 14 талапкер грант иегері атанды. Соның ішінде, 12-сі қазақ бөлімі, ал екеуі орыс бөліміне түскен. - Халықаралық спорт жарыстарының жаңымпаздары атанған талапкерлер өткен жылы 11-ге толықты. Олардың төртеуі қазақ, жетеуі орыс бөліміне оқуға түсті. - Қазақ диаспораларына арналған квота бойынша 16 талапкер студент атанды. Олардың ең төмен балы 73 балға тұрақтады. - Мүгедек жандар үшін 15 грант бөлінді. Олардың түскен ең төмен балы 58 болды. - Жетім және жартылай жетім болған талапкерлер саны 8 болып, олардың ең төмен көрсеткіші 66 балға жетті. Екі шет тілі Қазақстанның қай жоғарғы оқу орындарында оқытылады? Шетел тілі: Екі шет тілі мамандығын ұсынатын ЖОО-дар: Абылай атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университеті; Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті; Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті; Сүлеймен Демирел атындағы Университет; Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғылыми бағытқа ауысқандықтан, өткен жылдан бастап бұл мамандық алып тасталынды. Одан өзге де облыс орталықтары мен олардың үлкен қалаларында орналасқан педагогиқалық ЖОО осы мамандық бойынша талапкерлерді қабылдайды. Екі шет тілі мамандығына түссем, қандай дәрістерді оқитын боламын? Шетел тілі: Екі шет тілі мамандығының оқыту бағдарламасы негізінен педагогикалық бағытқа көп көңіл бөледі. Сол себепті осы мамандықты алып шыққан бітірушілер көбіне ұстаз болып қызмет атқарып жүр. Дегенмен, бұл әрбір студенттің өзіне де байланысты болады. Атап өтсек, ол өзі егер алғырлық етіп аударма саласында еңбек ете алса, оған ешбір нәрсе тосқауыл бола алмайды, яғни біліктілігі соған сәйкес келе береді. Жалпы біліv беретін пәндер оқытылатын болады. - Студентке міндетті дәрістер: Қазақстан тарихы; Ағылшын тілінің базалық білімі Философия; Қазақ тілі (орыс тілі); Екінші шет тілі (Al – деңгейі, A2 -деңгейі), Информатика; - Студентке таңдау құқығы берілетін дәрістер: Мамандыққа кіріспе дәрістері; Жалпы педагогика; Жалпы психология; Тәрбие беру теориясы; БАҚ аудармасы; Жалпы тіл біліміне кіріспе; Қазақ әдебиеті; Кәсіби орыс тілі; Ағылшын тілін оқыту әдістемесі; Ағылшын тілінің стилистикасы; Екінші шет тілінің ауызекі сөйлеу стилі; Ағылшын тілінің фонетикасы; Ағылшын тілінің грамматикасы; Роман-герман тілдеріне кіріспе; Латын тілі; Ағылшын тілінің лексикологиясы; Оқытылып жатқан тілдің әдебиеті; Елтану; Теориялық грамматика; Жалпы тұрғыдан айтқанда, бұл мамандықтың болашақта мүмкіндіктері өте мол. Себебі, қазіргі кезде, шет тілдерін игеру жыл өткен сайын маңыздық танытып келеуде. Жаһандану үдерісі де осының бір дәлелі деуге болады.

Massaget.kz
14 шілде 2018 ж. 2 812 0