Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітап оқып — рухани бай бол

Кітап оқып — рухани бай бол

Шиелі аудандық балалар кітапханасы – оқушыларды кітап оқуға тарту арқылы рухани, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, бос уақытты ақылды инвестиция ретінде тиімді пайдалануға бағытталған «Кітап оқып – рухани бай бол», «Ақылды оқырман» жобаларына белсене қатысуға шақырды. №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінің 6 «Г» сынып оқушыларының ұстазы Айжан Таңатованың жетекшілігімен балалар кітап оқу арқылы білімге құштарлығы, ой тереңдігі және ­рухани байлығын арттыра түсті.
Балалар кітапханасына арнайы келген оқушылар жаңа түскен әдебиеттермен танысып, ұнаған кітаптарын жаздырып алды. «Еркетай» қуыршақтар театрымен «Патшаның екі қызы» ертегісіне қойылым қойып, өз пікір ойларымен бөлісті. Кітапхана қызметкері Р.Нұрекеева оқырманға 2026 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабын таныстырып, осы жылы бүкіл ел осы туындыны бірге оқуға ұсынады. Шара соңында кітапхана меңгерушісі Г.Қоңыратбаева балалардың ізденімпаздығы, оқуға деген сүйіспеншілігі, болашақта үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенім білдіретінін айта өтіп, оқырмандарды алғыс хаттармен марапаттады.

«Өскен өңір» ақпарат
02 ақпан 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728