Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде кітап оқу байқауы өтті

Шиеліде кітап оқу байқауы өтті




Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Осындай мақсатта жуырда Шиелі аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап оқып, рухани бай бол» атты байқау өтті.

Еліміздегі және шетелдік ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау, және жастардың кітапқа деген ынтызарлығын ояту мақсатында өткен бұл байқауға бірқатар мектеп оқушылары, сондай-ақ №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясының жанынан құрылған «Тұран» үйірмесінің  мүшелері мен аудандық Оқушылар үйіндегі «Жас әдебиетші» үйірмесінің  жас өнерпаздары қатысты. Байқауда үміткерлер ережеге сәйкес, өзі таңдаған кез келген шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқып, өзара бақ -сынасты.  Нәтижесінде, №270 Ғ. Мұхамеджанов атындағы орта мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы Балнұр Ниязбекова жазушы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» шығармасын орындап, бас жүлдені иемденді.

Бұдан бөлек байқауға қатысқан барлық оқушылар арнайы сыйлықтарға ие болды. Жалпы саны 34 жас оқырман қатысқан бұл байқауда оқушылар өздерінің кітап оқуға деген ынтасын байқатып, көрермендердің алғысын алды.
04 мамыр 2023 ж. 372 0