Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапханада өткен бір күнім

Кітапханада өткен бір күнім


«Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал» демекші, ілім-білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан алатынымыз рас. 

№205 қазақ орта мектебінің 3 сынып жетекшісі Райхан Әйменова «Кітапханада өткен бір күнім» атты ашық сабақ өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушыларға кітап оқу арқылы білім берілетінін түсіндіру, бос уақытын кітап оқуға сонымен қатар шығармашылыққа, ұқыптылыққа, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету. Адам түрлі жаңалықтарды оқу арқылы білім, ғылым және өнер саласының құндылықтарын біліп, қыр-сырын танып, адами тұрғыдан толық жетіліп, кемелденеді. Оған бірден-бір апаратын жол ол – кітапхана. Шарада оқушылар кітап туралы жұмбақтары мен тақпақтарын ортаға салып,  көрмелермен танысты. Сонымен қатар мұғалім Елбасының кітабын баяндап, балалық шағын тақырыпқа арқау етті. Соғыс басталған кезде Шамалғанда туған Елбасы ол жылды «балалық шақтағы қара нан жылдары» дейді. Оқушылар Тұңғыш Президенттің балалық шағы туралы білгендерін бір-бірімен жарыса айтып, пікір таласқа ұластырды. Кітапхана сөресіндегі «Алғашқы мұғалімі», «Әжесінің қолорағы», «Айнымас достар», «Шалғайдағы досқа хат», «Мақтанышы сыныптың», «Кім болам» тақырыбындағы әңгімелер оқушылардың жүрегінен жол тапқанына сеніміміз мол.

З.СМАЙЫЛ,
№205 қазақ орта мектебінің  кітапхана меңгерушісі.
27 сәуір 2019 ж. 3 283 0