Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айтыстың шырақшысы – Жүрсін ерман

Айтыстың шырақшысы – Жүрсін ерман

Қалың елім, Қазағым! Халқымызда «Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады» деген аталы сөз бар. Осындай азаматтардың қатарына – айтыстың шырақшысы, қазақтың төл өнерін ұлықтап, түлеткен ұлтжанды Жүрсін Ерманды қосар едім.
Елдің еңсесі түсіп, жағдайы нашар 90-жылдары әркім өз басының қамын ойлап өмірдің қиыншылықтарымен күресіп жүргенде, ел үшін туған ер ағам айтыс өнерін түлетуді қолға алған болатын. Жүрсін аға айтысты бастау үшін еліміздің түкпір-түпкірінен айтыскер ақындарды іздеп тауып, басын біріктірді. Содан кейін демеушілерді іздеді, ол жұмыстар да оңай болған жоқ екені белгілі. Айтысты өткізу үшін жоғарғы жақтың келісімін алып, өтетін орындарды іздеп тапты. Ж.Ерманның тынбай, шаршамай, сабырлы, қажырлы еңбектерінің арқасында қазақ елі қара сөзден қамшы өрген кіл мықты айтыскер ақындармен толығып, халыққа саф алтындай төл өнерімізді тарту етті. Қазақстанның барлық аймағында айтыстың өтуі үрдіске айналды. Ал қазір айтыскер ақындар арасында «Алтын домбыра», «Асыл домбыра» сайыстары дәстүрлі өткізіліп келеді. Айтыс халықаралық дәрежеге көтерілді. Жыл өткен сайын елімізде жас ақындар қатары толығуда.
Шиелі ауданының өзінде Иранғайып Күзембаев, Мейірбек Сұлтанхан, Ержан Әміров т.б ақындар шығып елімізге әйгілі болды. Бұл көріністер айтыстың болашағы зор екенін көрсетсе керек. Халқымыздың төл өнерін түлетіп, жандырамын деп жүрген ағаның денсаулығы сыр беріп, қатты сырқаттанып, ауруханаға жатып емделген кездері де болды.
Құдайға шүкір! Алланың қалауымен қазір Ж.Ерман қайта қатарымызға қосылып бастаған жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Құрметті бауырлар! Атам қазақта «Шаңырақты басқұр ұстайды, ұлтты дәстүр ұстайды» деген нақыл сөз бар. Қазақ халқының сөз өнерін айтысты өзінің қажырлы еңбегінің арқасында қайтадан түлетіп, жоғарғы деңгейге шығарып, халықаралық дәрежеге жеткізді. Қазақ халқына қуаныш пен мереке сыйлап, дәстүрімізді ұлықтау жолында өзінің денсаулығын, білімін аямай бүкіл саналы ғұмырын осы жолға сарп етіп, алтындай ардақты, қорғасындай салмақты Жүрсін Ерманды қандай марапат болса да лайық деп санаймын.

Әлияр Сейітов,
Шиелі ауданының құрметті азаматы
02 ақпан 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728