Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағзаға В12 дәрумені жетіспесе...

Ағзаға В12 дәрумені жетіспесе...



В12 дәруменінің жетіспеушілігі туралы естімеген вегандық жоқ шығар. Бұл қандай дәрумен және ет жемесеңіз, оны қайдан алуға болады?

В12 ненің құрамында болады?

Әсіресе, ол балықта, етте, жұмыртқада және сүтте болады. Сондықтан вегандарда уақыт өте оның жетіспеушілігі көрінуі мүмкін. Алайда бұл мәселе жиі жасы ұлғайған адамдарда да кездеседі. Себебі жас үлкейе келе ол ағзаға нашар сіңеді.

Қауіп-қатер тобына асқазан-ішек жолы аурулары бар және бірден арықтап кеткен адамдар да кіреді.

Егер В12 дәрумені жетіспесе, не істеу керек?

Дәнді дақылдар, соя өнімдері және суррогаттық сүт осы дәруменге бай. Бұл әдіс вегандарға келеді. Арнайы В12 дәруменін қосатын тағамдарды іздеңіз. Кей дәрумендірілген сусындарда В12 дәрумені мол болады. Егер веган болмасаңыз, В12 жұмыртқада, сиыр бауырында және сүтті тағамдарда бар.

В12 дәруменінің мөлшерін кез келген лабораторияға қан тапсыру арқылы біле аласыз. Егер ол жетіспесе, бірден оны толықтырудың жолын қарастырыңыз. Әйтпесе, оның денсаулыққа зияны тиеді.

В12 дәрумені жетіспесе, не болады?

В12 дәрумені біздің көңіл күйге, энергия деңгейіне, есте сақтауға, жүрекке, ас қорытуға және т.б қатты әсер етеді. Ол – В тобының ең маңызды элементінің бірі. Сондықтан оның жетіспеушілігі шаршаңқылыққа, әлсіздікке, тіс мәселесіне, іш қатуға, тәбеттің жоғалуына және салмақ тастауға әкеледі. Ал ауыр жағдайда ол депрессияға, қаназдыққа және ұмытшақтыққа апарады.
massaget.kz
20 желтоқсан 2018 ж. 2 659 0