Асқабақ қартаюдың алдын алады
Қыс мезгілінде көпшілігіміздің үйімізден табылатын асқабақты бәріміз де жақсы көреміз. Себебі асқабақ – көп сақтауға өте ыңғайлы дәнді-дақылдардың бірі. Тек қана сыртқы қабығы бүлінбесе болғаны. Ал шіріген не көгерген жерлері болса, ондай тұстарын алып тастап, дәнінен тазалап пайдаға асыра беруге болады. Ал қалған артық бөлігін, тоңазытқышқа полиэтиленді пакетке орап салуға болады. Ол ешқандайда өз дәмін жоғалтпайды. • Асқабақтың құрамында темір өте көп. Сонымен қатар калий, кальций, магний, қант, ақуыздар да жеткілікті және В, С, Д, Е, РР мен сирек кездесетін Т дәрумені бар. Ал құрамындағы А дәрумені жараны жазуға, күйік шалған жерді кетіруге көмектеседі. Ол үшін асқабақты үккіштен өткізіп, зақымданған жерге 2-3 сағат компресс жасап, түнгі уақытта байлап қою керек. • Асқабақ жүрек, бүйрек ауруларына және іш қату кезінде, өттің қабынуында жақсы ем болады. Сол себепті дәрігерлер де асқабақтан жасалған тағамдарды көбірек жеуге кеңес береді. • Асқабақтың құрамындағы Е дәрумені ерте қартаюдың алдын алады. Ол бетке әжім түсірмей, бетке шығатын дақтардың алдын алады. Сонымен қатар Е дәрумені бел мен иықтың ауруын жеңілдетеді және салқын тиюден сақтап, иммунитетті көтереді әрі адам ағзасын түрлі бактериялардан қорғайды. • Сирек кездесетін Т дәруменінің арқасында асқабақ семіздіктен сақтайды. Оны сиыр етімен қосып дайындаса, керемет тағам болып шығады. Ал асқабақты көп жейтін адамдардың бет-жүзі әрленіп, көңіл-күйі көтеріңкі жүреді. • Асқабақта кездесетін мада талшықтар іш қатуды болдырмай, қатерлі ісік ауруына шалдықпауға көмектеседі. Ал С және В дәрумендері адам денесіне жиналып қалған тұздарды шығарып, қан қысымын реттейтін қасиетке ие.
Massaget.kz