Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » қандай жеміс-жидек жеген дұрыс?!

қандай жеміс-жидек жеген дұрыс?!

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¶ÐµÐ¼ÑÑ Ð¶Ð¸Ð´ÐµÐºҚыс өтіп, көктем келе бет терімізде өзгерістер болатынын байқап жатамыз. Дақтар пайда болып, бөртуі де мүмкін. Мұндай жағдай көбіне теріге қысқы ауа райынан кейін дәрумендер жетіспеуінен болады.
Сондықтан, дерматолог мамандар жеміс-жидектің теріге пайдалысын әркез айтып келеді. Ал, жақында диетолог мамандар да теріге қажетті дәрумендерге бай жеміс-жидектің тізімін ұсынды.
Бұл тізімде бірінші болып алма жемісі тұр. Алма – ағза үшін аса пайдалы жеміс. Онда бет терісінің жас қалпын сақтайтын «С» дәрумені бар. Алма жемісі жүрек талмасының алдын алып, күйзеліспен күресуге көмектесе алады және терінің тез жазылуына әсер етеді.
Анар – косметолог мамандар көп тұтынуға кеңес беретін же­міс. Ол терінің зақымдануынан қорғайды, теріні қалпына келтіру процестерін тездетеді. Сондай-ақ, коллаген мен эластиннің синтез­делуіне мүмкіндік туғызады. Бұл әжім қыртыстарының жазылуына көмектеседі.
Ананас та теріге аса пайдалы жеміс-жидектердің қатарына жатады. 100 г ананастың 80 пайызы дәруменге толы. Әсіресе, «С» дәрумені. Сонымен қатар, жемістің құрамында жүйке жүйелері мен иммунды жүйелердің қалыпты жұмыс жасауына көмектесетін «В1» және «В6» дәрумендері де бар. Теріге «С» дәрумені жетіспесе, тері түссізденіп, қар­тая­ды. Егер дәрумен ағзада жеткілікті болса тері нұрланып, сұлу көрінеді. Сондай-ақ, қабынуға және терідегі түрлі жаралардың тез жазылуына әсер етіп, қан тамырларының қызметін жақсартады. Ананас терідегі қара дақтар мен бөртпелердің кетуіне көмектеседі.
Қызанақ «С» дәруменімен қо­са ең мықты антиоксидант деп есеп­телетін ликопинге де бай. Сондықтан, қызанақ же­се­ңіз бетіңізді құрғақтық пен әжім­дер­ден сақтай аласыз. Біздің танымымыздағы сәбіз тек бой өсіруге көмектеспейді. Құрамында тері денсаулығына өте маңызды бето-каротин бар. Бұл дәрумен сіздің теріңізді күн сәулесінен пайда болатын түрлі зиянды заттардан құтқарады.
Кивиді де көбірек жеп тұрған дұрыс. Себебі, бұл жеміс ағзадағы коллагеннің тез ыдырауына сеп­ті­гін тигізеді. Ал, коллаген теріге тез әжім түсірмейді.
Банан құрамында «Е» және «А» дәрумендері бар. Бұл дәрумендер тері үшін өте пайдалы, банан қа­бығы минералдар мен анти­оксидант­тарға бай. Егер күн­де­лікті бетіңізді, мойныңызды бананмен сүртіп тұрсаңыз, теріңіз ылғалданып, әжім түсуі азаяды. Беттің өңі кіріп, нұрлана түседі.
Міне, Жер-Ана қойнауынан шығатын әрбір жеміс-жидектің адамға берер пайдасына көз жет­кіздік. Сұлу болып көріну үшін ұсынылған рецептілерді өз игілі­гіңізге жарата жүріңіз.

Дайындаған
Ж.Ноғайбайқызы.
20 мамыр 2018 ж. 3 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930