Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРТАЮҒА ҚАРСЫ ТАҒАМДАР

ҚАРТАЮҒА ҚАРСЫ ТАҒАМДАР

«Кәрілік шіркін келді де, түнерген қыстың түріндей,» деп атақты Ешнияз сал Жөнелдікұлы «Қадірлей біл қартыңды» атты толғауында жырлағандай, қарттықтың ертелі-кеш басымызға бір келетіні анық.
  Қарттық бәрімізді күтіп тұрғанымен арамызда одан қорқып қартайғысы келмейтіндер де бар. Тіпті, сол үшін пышақ астына түсіп, пластикалық ота жолымен әжімінен айыққанымен, уақыт өз дегенін алмай қоймайды. Сондықтан ағзамызға қажетті табиғи өнімдерді ғана тұтынып, ауырмай, картаймай жүруге болады.
  Мәселен, сәбізді тағамға үнемі қолданатындар жас көрінетіні дәлелденген. Себебі, сәбіздің құрамында каротин бар. Мұндай табиғи бояу терінің түсін жасартады. Сұлулықпен қоса денсаулыққа да пайдасы оразан зор. Каротин ағзада А дәруменіне айналады да қанды тазалап, ағзадағы зиянды холестерин мен токсиндерді шығарады.
  Ал өзіміз күнделікті қолданатын цитрусты жемістердің барлығы С дәруменіне бай. Ол теріні балғындандыратын коллагеннің енуіне ықпал етеді. Жас келген сайын терідегі табиғи коллаген азайып, тері қартая бастайды. Мамандардың айтуынша, цитрусты жемістерді күнде жеген адамның терісінде қартаю процесі бояу жүреді екен.
   Сонымен қатар цитрустың құрамындағы биофлавоноидтер ультракүлгін сәулелерден сақтайды. Жаңғақтар Жаңғақтың барлық түрінің құқрамында ағзаға қажетті белоктар, май қышқылдары мен В, А дәрумендерінің топтамасы бар. Аталған құрам адамға шаршағанды басуға, жүйке жүйесін нығайтуға көмектеседі.
  Жаңғақты жиі жейтін адам өзін сергек сезініп, жаны тыныш болады. Алайда, жаңғақтың калориясы өте жоғары. Сондықтан күніне бір уыс жаңғақ жеген дұрыс.
Ешқандай көкөніс брокколидің қартаюға қарсы қасиетіне тең келе алмайды. Оның құрамында С дәрумені мол. Дәрумен теріні әжем түсуден қорғап, иммунитетті көтереді. Сонымен қатар, В дәрумен топтамасы мен фолий қышқылы қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, жүрек пен қанайналым жүйесін қорғайды.
   Көкөністің құрамындағы магний жүйке жүйесін нығайтып, кальций сүйектерді қатайтады. Сондай-ақ, брокколидегі «сульфорафан» деген зат ағзадағы қатерлі ісік тудырғыштарды жойып жібереді.
  Йогуртқа келсек, ондағы белок терідегі коллаген тіндерін қорғап, әжім түсудің алдын алады. Сүт тағамының құрамындағы бифиқоспалар мен лактоза ішек жұмысын жақсартып, асқорытуға ықпал етеді. Сол себепті күніне 1 рет табиғи йогурт жеген дұрыс.
23 сәуір 2018 ж. 1 980 0