Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ ғалымдары қауіпті жемістер мен көкөністерді атап өтті

АҚШ ғалымдары қауіпті жемістер мен көкөністерді атап өтті

АҚШ Ауыл шаруашылық министрлігі жыл сайынғы эксперт-экологтардың баяндамасын жұртқа жария етті. Аталған баяндамада құрамында пестициді көп жемістер мен көкөністер туралы айтылған. Ал пестицидтің көп болуы өз кезегінде рак, бедеулік, семіздік сынды ауруларға әкеліп соқтырады.

Денсаулық үшін қауіпті жемістер мен көкөністер тізіміне құлпынай, саумалдық (шпинат), нектарин, алма, жүзім, шабдалы, шие, алмұрт, қызанақ, картоп, тәтті бұрыш және балдыркөк (сельдерей) кірді.
Құлпынайдың ең улы жеміс түрі екені анықталды. Бұл жидектің бір партиясынан 20 пестицид табылған. Саумалдықтың құрамында өзінің салмағынан көп пестицид болатыны белгілі болды. Ал шабдалы, шие, алма сынды жемістердің 98 процентінде бір пестицид бары анықталды.
Пестицидтер дегеніміз – зиянкестерден арылуға арналған химиялық заттар. Олар АҚШ-та 1990 жылдан бастап қолданылып келеді. Мамандардың айтуынша, жуса да, жемістердің құрамында қалып қояды.
 BAQ.KZ
28 сәуір 2018 ж. 1 874 0