Неге қарным аша береді?
Кейде тамаққа тойып алсақ та, шамалыдан соң қайтадан қарнымыз ашатын кездер болады. Мезгілсіз тамақтана беру ағзаға ауыртпалық тудырып, кей ауруларға себепші болып та жатады. Тамақтанып алсаңыз да, қарын аша берудің мүмкін себептерін ұсынамыз. Тәтті тағам жеу Жұмыста немесе сабақта қарныңыз ашып, тәтті тоқаш жейсіз, одан соң көп ұзамай тағы бірдеңе жегіңіз келіп тұрғандай көрінеді. Тәтті сусындар, кәмпит, пісірілген дәмді нан өнімдері бір мезеттік тойдыратын тағамдарға жатады. Сондықтан шамалыдан соң энергия жетіспеушілігін толтыру үшін тағы да тағам жегіңіз келеді. Сол себепті құрамында жасұнық бар тағамдарды таңдаған жөн. Оларға астық тұқымдастар, жемістер, көкөністер, пайдалы майлары бар өнімдер (арқан балық, жаңғақтар) және жеңіл ақуыздар (жұмыртқа, бұршақтар және тауық еті) жатады. Күйзелісті хал Бастапқыда ағза аштықты адреналинмен ұстап тұрады, бірақ егер күйзеліс ұзаққа созылып кетсе, кортизол деген басқа гормон түзе бастайды. Осы гормон тамаққа тәбетті шақыра береді. Күйзеліс кеткен кезде кортизол деңгейі тәбетпен қоса орнына келеді. Шөлдеу Кейде қарныңыздың ашқаны су ішкіңіз келгенді білдіреді. Қарныңыз ашса, алдымен су ішіңіз. Осындай жолмен шынымен қарныңыз ашқанын анықтап, тойып жеудің алдын алуға болады. Қандағы қанттың ауытқуы Құрамында көмірсулары бар азық-түліктер (тәтті пісірмелер, тоқаштар, тәтті газдалған сусындар) қандағы қант мөлшерінің бірден жоғарылауына себеп болады. Оған жауап ретінде ағза инсулин гормонын түзеді. Бұл гормон жасушаларға көмірсуларды кейін қолдануға жинауы туралы сигнал береді. Тәттінің көптігі ағзаның инсулинді қажетті мөлшерден көп бөлуіне мәжбүрлейді, сондықтан қандағы қант деңгейі азайып кетеді де, сіздің қарныңыз аша береді. Қант диабеті Ағзаңызға энергия жетіспейтін секілді көрінгесін, сіз аштықты сезінуіңіз мүмкін. Қант диабеті жағдайында тағамның энергияға айналу механизмі бұзылғанды білдіреді. Тамаққа деген жоғары тәбетті дәрігерлер полифагия деп атайды. Ол – қант диабеті белгілерінің бірі. Салмақ тастау, кіші дәретке жиі бару, шаршау да - осы аурудың бастамасы. Сондықтан осы айтылған белгілерді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Жүктілік Кей әйелдер жүктіліктің алғашқы апталарында жүректері айныса, басқаларының қарны аша береді. Сонымен қатар, тағамдық әдеті өзгереді. Мысалы, жаңа азық-түліктің дәмін көру немесе бұрын қатты жақсы көрген тамағын жақтырмау. Жылдам тамақ жеу Тамақты жылдам жұтқан кезде ағза сіздің тойғаныңызды байқамай қалуы мүмкін. Сіз қаншалықты асықпай жесеңіз, соншалықты жылдам тоқтық келеді. Тамақ тоқтық сезімін бермейді Ғалымдар тамақтың бұл мінездемесіне «тою көрсеткіші» деген сандық анықтама берді. Ол көрсеткіш көп болған сайын, бірдей калориялы түрлі тағамнан әртүрлі тоясыз. Мысалы, картоптың фри түрінен суға піскен түрі тойымдырақ болады екен. Дәмді бірдеңені көрдіңіз немесе естідіңіз Теледидардан көрсеткен жарнама немесе жаңа піскен нанның иісі сіздің қарныңыздың ашқан ашпағанына тәуелсіз тәбетіңізді ашады. Осындай себепші факторларды ескеру арқылы шынымен жеу керек пе деген дұрыс шешім қабылдаңыз. Эмоциялық өзгеріс Адамдардың көпшілігі түрлі эмоцияны, мысалы, уайым, іш пысу және күйзелісті тамақ жеумен басады. Тамақ ішер алдында қандай көңіл күйдесіз? Егер негізінде қарныңыз аш емес, көңіл күйіңіз болмаса, сүйікті ісіңізбен айналысып көріңіз. Ұйқының қанбауы Ұйқының қанбауы ағзадағы аштық гормондарының (лептин және грелин) теңдігіне әсер етеді, сондықтан тамақты көп жегіңіз келеді. Ұйқының қанбауын толықтыру үшін калориясы көп және майлы бірдеңе жегіңіз келіп тұруы мүмкін.
Massaget.kz