Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 жасқа дейінгі балаға беруге болмайтын азық-түлік

3 жасқа дейінгі балаға беруге болмайтын азық-түлік


Бала 1 жасқа толғаннан кейін оның тамақтану үлесі кеңейе бастайды, алайда ол 3 жасқа толғанша бірнеше шектеулер қою керек. 3 жасқа дейінгі баланың ас қорыту жүйесі әзірге мінсіз емес, ол әлі де дамуы және бекуі керек. Ауыр тағамды өңдейтін барлық ферменттер қажетті мөлшерде түзілмегенше, оның бауыры мен бүйрегі әлсіз болып келеді. Сондықтан балаға «ересектер тамағын» беріп бастасаңыз да, кей шектеулер туралы ұмытпаңыз. 1 жастан соң бала езілген пюреден ақырындап біртекті емес тамақтарға көшеді. Ол суға піскен көкөніс бөліктерін, балғын жемістерді өздігінен жей алады. Бірақ ол шайнау мен жұту процесін әлі де бақылай алмайтындықтан, қақалып қалу мүмкіндігі бар. Сондықтан баланың тамақтануын мұқият қадағалау керек. Дәнегі бар жемістер Бала шайнау-жұту процесін бақылап үйренгенше, яғни 2-3 жасқа толғанша дәнегі бар жемістерді бермеңіз. Оларды дәнегінен және қабығынан (бастапқы кезде) тазартып қана беріңіз. Цитрусты және экзотикалық жемістер Педиатрлар цитрусты және кей экзотикалық жемістерді бала 1 жасқа толғаннан кейін тамақтану үлесіне ақырындап қосуға кеңес береді. Алайда олар аллергиялық реакция беретіндіктен, бала 3 жасқа толғанша мұқият болыңыз. Мұндай жемісті мөлшермен беріп үйретіңіз.   Қара және жасыл шай Мұндай шайлар мен кофе құрамында кофеин мен танин болады. Бұл сусындарда темір мен кальций сіңіруіне кедергі болатын заттар бар, ал кофеиннің көп болуы баланың сезімтал жүйке жүйесін ауырлатады. Тәтті газдалған сусындар Мұндай сусындардағы көмірқышқылды газ іштің кебуін және газ түзілуіне, қанттың көп болуы тіс эмаліне және химиялық қоспалар баланың ас қорыту жүйесіне жағымсыз әсер етеді. Консервация «Ересектер» консервациясының құрамында тұздың, аспаздық қосымшалар мен бояудың мөлшері көп болғандықтан, балаға зиян болып келеді. Жаңғақтар Жаңғақтар өте пайдалы өнімге жатады. Алайда оның құрамындағы ақуыз ауыр болғандықтан, 3 жасқа толмаған баланың ас қорыту жұмысына үлкен проблема әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жаңғақтар аллергиялық өнімге жатады және оны жеу кезінде баланың қақалып қалуы әбден мүмкін. Шұжықтар Шұжықтар, сосискалар және басқа да өндірістік өнімдерге аспаздық қосымшалар көп қосылады. Кей мұндай тағамдар бала түгіл ересектерге де зиян. Сонымен қатар, олардың құрамында көп мөлшерде тұз болады. Сатып алынған тәттілер Өндірістік тәттілерден сақ болыңыз. Олардың көпшілігінде 3 жасқа толмаған балалардың ферментті жүйесі көтере алмайтын заттар болады. Егер тәтті бергіңіз келсе, оның сыртында «балаларға арналған» деген жазуы болсын және аз мөлшерде беріңіз. Әрине, таза өнімдерден өз қолыңызбен дайындаған тағамға ештеңе жетпейді.  Ал дүкендегі мойенез, кетчуп, сағыз, желе кәмпит, қытырлақ картоптың (чипсы) зияны жайлы айтудың да қажеті жоқ.

Massaget.kz
28 қаңтар 2018 ж. 1 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930