Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала жетістікке жету үшін қалай тәрбиелеу керек?

Бала жетістікке жету үшін қалай тәрбиелеу керек?


Баланы заманына қарай тәрбиелеу керек. Әр заманның талабы бар, мақсаты мен арманы басқа. Сондықтан әр кезеңде әр қоғамға сай әрекет жасау керек. Әрине отбасылық тәрбиенің орны бөлек болып қала береді. Дегенмен... Әлеуметтанушы ғалымдардың айтуынша алдағы 10-15 жылдың ішінде жұмыс күшінің 20 %-ға жуық түрі жойылады және сонша пайызда жаңа жұмыс көздері пайда болады. 2030 жылы жер бетінде кем дегенде 375 миллион жұмыс орындары босап қалады. Енді ойлана беріңіз, балаңызды дайындаңыз. Балаға бәрін жаттап алу керектігін үйретуді қойыңыз 10 жыл ішінде білім алған баланың санасында оқыған білімінің 1 гб жуығы ғана сақталады. Мәселен 150 беттік кітап, 2400-2500 символмен есептеген кезде әр қайсысы 0,35 мб салмақ қосады. Дәл осындай кітаптан бала онын оқысын. Оның кем дегенде есінде қалған ақпарат 40-ақ мегабайт. Бұл тек қана мысал болатын. Ал негізінде баланың білуі керек ақпарат терабайтқа жетуі мүмкін. Сондықтан болашақта балаңыз алғыр әрі жақсы маман болсын десеңіз, қазірден миына керек емес ақпараттарды сіңдіре бермеңіз. Керексіз ақпарат баланың ертең өзіне әсерін тигіздеі. Еркіндік беріңіз Егер балан есепті шығара алмаса оны «шығар» деп қинаудың қажеті жоқ. Кез келген адам өзінің беліне байланған шоқпарды ғана көтере алады. Сондықтан жоқтан бар жасауға асығып, балаңыздың болашағына балта шауып алмаңыз. Ал егер есепті шығарып отырып, шаршаған болса демалсын. Демалуға рұқсат беріңіз. Оларды қинай берудің қажеті жоқ. Ол өзі сүйіп оқитын пәнін жек көріп кетпес үшін немесе есепке деген көңіліні суытып алмас үшін оның қалауы бойынша әрекет жасаңыз. Қазіргі кезде бала біткен сізден ақылды. Олар өздеріне не керек, ненің керек еместігін жақсы біледі. Мүмкіндігін шектемеңіз Балаңыздың арманы және мақсаты бар. Ол өзіне келіп тұрған, сүйіп тұрған ісінің мүмкіндігін көріп тұр. Осы кезде оған кедергі болмаңыз. Себебі ол мүмкіндік бала үшін өте маңызды болуы мүмкін. Сондықтан додаға топ дүлдүлмен таласымен деп аттанып жатса, «бар» деп батаңызды беріңіз немесе сәл де болса қолдау көрсетіп, келіп тұрған мүмкіндікті ұстап қалуға асығыңыз. Бұл заман кезіндегі ақша қай жерде көп сол жерде нан бер деген заман емес. Бұл нағыз армандардың орындалатын ғасыры. 
massaget.kz
23 желтоқсан 2017 ж. 2 538 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 44

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031