Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ИММУНИТЕТТІ НЫҒАЙТУ ҮШІН ЙОГУРТТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?

ИММУНИТЕТТІ НЫҒАЙТУ ҮШІН ЙОГУРТТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?

Иммундық жүйенің 70% жұмысы ішектің микрофлорасына байланысты. Профилактика үшін қазір әсіресе қыс мезгілінде сүт қышқылды өнімдерді тұтыну керек. Бұл өнімдерде пробиотиктер көп. Олар ішектің микрофлорасыг қалыпты ұстауға көмектеседі.


 
Ең пайдалы йогуртты қалай таңдау керек?
 
Құрамында толтырғыштар, жеміс тұнбалары, шоколад жоқ йогурттарды сатып алыңыз. Себебі олар тәтті болғанымен, құрамында қант көп. Десерттік йогурттарды балалар мен жүкті келіншектерге беруге болмайды. Оның орнына табиғи йогуртты сатып алып, оған тоңазытылған жемістер мен жидектерді қосу керек.

Майлылығын тексеріңіз. Майлылығы 1,5 – 2,5% болатын йогурттарды алыңыз. Себебі майлылығы жоғары йогурттар да, майсыздандырылғандары да зиянды.

Сақтау мерзімін қараңыз. Жарамдылық мерзімі 14, көп болса 30 тәуліктен аспайтын өнімдерді таңдаңыз. Оларда тірі бактериялар көбірек болады.


https://reactor.inform.kz/
17 желтоқсан 2018 ж. 1 239 0