Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық тағамтанушылар йогурттың зиян екенін анықтады

Қазақстандық тағамтанушылар йогурттың зиян екенін анықтады

Қазақстандық тағамтанушылардың осындай мәлімдеме жасады. Йогурттың басты зияны – құрамындағы қанттың мөлшерден тыс болғаны және концентранттардың да өлшеусіз қосылатыны. Мұндай қорытындыға арнайы жүргізілген сараптаманың нәтижесі бойынша келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Дүкен сөрелерінде йогурттың әр түрі бар. Бұл балалардың сүйікті тағамдарының бірі. Ата-аналардың да ойынша, бүлдіршіндерге қытырлақ картоп немесе газдалған шырын бергеннен гөрі «пайдалы» йогурт әперген дұрыс. Оны тіпті үлкендер де сүйсіне жейді. Арықтауға бел буғандар соны азық қылуда. Алайда йогурттың пайдасынан зияны көп екені анықталды. Қант диабеті ауруына шалдықтырады екен.
«Бүгінгі таңда құрамында қанты жоқ йогурттар өте сирек кездеседі. Соңғы уақытта сүт қосылған тамақтарды өзіміз бүлдірдік. Сүттен дайындалатын айран, йогурттарға қант қосуды үйрендік. Ал оның зияны көптігі сонша, тіпті адамның организіміне сүйекке сосын ас қорытуда кальций деген элементті жеп қояды», – дейді Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті.
Мамандар көп уақыт бойы мұздатқышта сақталып, сапасын құртпайтын бұл өнімді тұтынбауға шақырады. Сақталу мерзімі 1 жылға дейін екендігі қорабына жазылады. Бүлдіршіндерге йогурттың майсызын, әрі тәтті емесін жегізуге кеңес береді. Ал, йогуртты шығарушылар бұл қорытындымен келіспейтіндерін мәлімдейді.
«Біз халықтың сұранысына байланысты екі түрлі йогурт жасаймыз. Біріншісі стандарты, қантпен, ол балалардың сүйіктісі. Сондықтан рецептураға сай қант қосылады. Екіншісі – табиғи қантсыз. Халықаралық тағам қауіпсіздік стандарттарына сай жасалады. Сол себепті рецептураға байланысты рұқсат етілген нормалармен дайындаймыз», – дейді Әсел Өскенбай, технолог.
Ал дәрігер мамандар сүт өнімі диабетінен басқа да тіс ауруларына әкеп соқтыратынын дәлелдеуде. Мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер сүт өнімін жеп, тістерін әбден құрады.
«Құрамында қанты көп йогурттар пайдаланғаннан тістерде кариестер тез пайда болады. Негізі 1,5-6 жасқа дейін келеді бізге», – дейді Гаухар Жартыбаева, тіс дәрігері.
Сонымен қатар, мамандар йогуртты тұтынарда құрамындағы қоспалармен мұқият таныс болуды өтінеді. Тағамтанушылар да сүт өнімін алмас бұрын оның қандай сүттен дайындалғанын және құрамындағы қант мөлшерін тексеруге кеңес береді.
Stan.kz сайты.
14 қазан 2018 ж. 1 059 0