Хан Тәңірі – көкпен таласқан мәрмәр шың
Шыңның етегінде халықаралық альпинистер лагері орналасқан. Тауға өрмелеушілердің айтуынша, Хан Тәңірі – Жер бетіндегі ең әдемі шың. Оның үшбұрышты пішіні де керемет.
Хан Тәңірі шыңы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы Тянь-Шань тауының сілемінде орналасқан. Талайды таңдай қақтырған керемет көрінісі бар тау шыңы аспанмен таласып тұрғандай. Биіктігі 7000 метр болатын шың алыстан үшкір пирамида сияқты көрінеді. Көне түркі сенімінде дәл осы шыңда әруақтардың әміршісі, басты Құдай мекен еткен.
Хан Тәңірі туралы алғашқы дерек қытайдың 1200 жыл бұрынғы жылнамаларында жазылған. XIX ғасырда орыс географы Петр Семенов-Тян-Шанский тауды Қарқара өзенінің бастау алатын ағысында тұрып суреттеген. Ал 1895 жылы саяхатшы Свен Гедин Хан Тәңірі шыңын алғаш рет дәл өлшеп шыққан. 1943 жылы кеңестік топографтар Хан Тәңірінің орналасқан жерін картаға Жеңіс шыңымен шатастырып түсірген және оған “Жеңіс шыңы” деген ат берген.
Таудың жартасты шыңдары мөлдір, мәрмәр қабырғалардан тұрады. Ал шыңда күлгін түсті граниттің көп болуынан оны “Қантау” деп те атайды. Шың мәңгі ерімейтін сұрғылт-көк мұздықтар мен қар құрсауында жатыр.
https://baribar.kz/