Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫНЫҢ МАРЖАНДАРЫ

ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫНЫҢ МАРЖАНДАРЫ

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде фотосуретші, саяхатшы Таймас Нұртаевтың «Жер шары: Қандай ғажап бұл әлем» атты жеке көрмесі ашылды.
Таймас Қуанышұлының негізгі мамандығы – құрылысшы. Бішкек қаласында туып-өсіп, 1960 жылдары Алматыға қоныс аударған. Ал фотосу­ретке деген қызығушылығын оятып, алғашқы қадамын басуға әсер еткен – Хан Тәңірі тау шатқалы мен Қазақстан табиғатының сұлулығы. Фотосурет­шінің туындыларынан жер бетіндегі ең ірі шөл дала – Сахараны, әдемі аралдардың бірі – Греландияны, тарихи Италия мен «мұзды ел» Исландияның әсерлі жерлерін көруге болады.
– Жиырма жылдан асты, суретке түсіру жаныма рухани тыныштық, ке­ремет демалыс сыйлайды. Мақсатым – еліміздің қайталанбас табиғатын күллі жұртқа паш ету, – дейді Таймас Нұртаев.
Көрмеге 150-ден аса фотосурет қойылған. Туындыларында автор Қазақстанның барлық көрікті аймағын, саябақтар мен ұлттық парктерді, шат­қал­дар мен жайлауларды, жан-жануар­лар әлемін және әр өңірдің өзен-тасын түгел қамтыған.
– Таймастың бүгінгі көрмесі мен бұрынғысының айырмашылығы – жер мен көктей. Өте қарқынды өсу байқа­лады. Суреттерден кәсібилік пен ше­берліктің тамаша үйлесімін көруге болады. Ол әлемнің керемет жерлерін ара­лап шықты. Ерекшелігі сол, әдемі­лікті қаз-қалпында бізге жеткізе алды. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін іс, – дейді суретшінің серігі Борис Михайлович.
Көрме 2018 жылдың 9 мамырына дейін жалғасады.
Ерке ЖАН
18 сәуір 2018 ж. 1 018 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930