Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарасай, Ағынтай батырлар туралы фильм прокатқа шығады

Қарасай, Ағынтай батырлар туралы фильм прокатқа шығады

Наурыз айында Қазақстан кинотеатрларында «Батырлар жолы» және «Алтыншы бекет» деп аталатын екі толықметражды фильм көрсетіледі, де хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған туындылар «Хабар» агенттігінің тапсырысымен телехикая ретінде түсірілген.
«Наурыз айында «Батырлар жолы» және «Алтыншы бекет» деп аталатын екі телесериалды және соларға негізделген екі толықметражды фильмді Қазақстан кинотеатрларында көрсетіледі. Бұл отандық сериалдар ішінде кинопрокатқа толық метражды жоба ретінде шығып отырған тұңғыш дүниелер», - деп атап өтті «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Агенттік өкілі айтып өткендей, «Батырлар жолы» - XVII ғасырдың басында қазақ халқы бастан кешкен оқиғаларды суреттейді. Бұл басты рөлдегі Қарасай, Ағынтай, Таймас, Мерген батырлардың жоңғар-ойраттар шапқыншылығы кезіндегі көрсеткен ерліктерін жастарға үлгі ететін тарихи туынды.
«Алтыншы бекет» картинасына өмірден алынған шынайы оқиға арқау болған. Дәлірек айтқанда, 2010 жылы Ақтау түрмесінен қашқан қылмыскерлерді тоқтатуда ерлік көрсеткен Ұлттық ұлан сарбаздарының батырлығы көрсетіледі.
Фильмдер прокаттан өткен соң, олардың сериалдық нұсқасы Хабар арнасынан көрсетіледі.
09 ақпан 2018 ж. 1 388 0