Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыт пен шаттық мекені

Бақыт пен шаттық мекені

Қай заманда болсын отбасы Отан тәрізді ұлы ұғыммен қатар қойылып, әлеуметтік ұйысу мен ұрпақ жалғастырудың ұлағатты ұясына баланып, қастерлі түсінік саналған. Себебі, отбасы арқылы мыңжылдықтар тоғысында әрбір қоғамның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салты, ұлттық дәстүрі сақталады.
Осы орайда, аудандық сот пен аудан әкімдігінің бірлесе бекіткен «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясындағы «Отбасы–бақыт мекені» атты бірлескен іс шара ұйымдастырылды. «Үйлену оңай, үй болу қиын» тақырыбында №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында дебат өтті. Аталған шараның мақсаты–қоғамдағы келеңсіз жайларға саналы түрде дайын болып, отбасында бақытқа жетелейтін құндылықтарды барынша арттырып, жастарды татулық пен ұйымшылдыққа шақыру еді.
Шараға қатысқан аудандық сот төрағасы М.Күздеубаев пен білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов жиынның маңыздылығына тоқталды. Қазіргі таңдағы қоғам дамуын тежейтін келеңсіз факторлардың бірі – ажырасу мәселесі. Оның салдарынан туындайтын жетімдік пен түрлі отбасылық кикілжіңдердің артып отырғандығы қынжылтатыны анық. Сонымен қатар, халықтық этнопедагогикадан, ұлттық тәрбие беру ерекшеліктерінен мысал келтіріп, өскелең ұрпаққа отбасы құндылықтарына ерте жастан жауапкершілікпен қарауға үндеді. Бірлескен іс шарада эссе және сурет салу байқауларының жеңімпаздары марапатталды.

Ж.Нұрғалиева.
11 желтоқсан 2018 ж. 1 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930