Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ ӘДЕМІ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ АНЫҚТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ӘДЕМІ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ АНЫҚТАЛДЫ


Шиелі ауданының Орталық мешітінде желтоқсанның 2 жұлдызында "Береке жастар" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Әдемі әуезді азан" атты аудан мешіттерінің жамағаттары арасындағы азан айтудан жарыс өтті. Жарысқа 17 қатысушы қатысып оның ішінде жүлделі 1 орынды Әбділда Елдос жеңіп алса, 2 орынға Мұхамбетияров Қалжан иеболып 3 орынды Орынбаев Мади иеленіп, сыйлықтарға ие болды. Қазылар алқасын Республикалық азан жарыстарның қатысушысы, 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен "Әдемі әуезді азан" атты республикалық жарыстың жеңімпазы атанған Садуов Шыңғыс қари төрағалық етті. Шара соңында сайысқа қатысушылар Шыңғысқа азан айтып беруін сұрап, Шыңғыстың азанын естіген жамағат тәжірбие алмасып, алғысын айтты. Шара соңында Шыңғыс қари қасиетті Құран аяттарын оқып, шараға қатысушы жамағат естелік суретке түсті.
04 желтоқсан 2018 ж. 1 553 0