Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Данэлия Тулешова Junior Eurovision байқауында алтыншы орын алды

Данэлия Тулешова Junior Eurovision байқауында алтыншы орын алды



Астана, BAQ.KZ. Минскіде өткен «Балалар Евровидениесі» байқауында өнер көрсеткен отандасымыз Данэлия Тулешова алтыншы орынды иеленді. Көрермендер мен әділқазылардың берген дауысы бойынша қазақстандық қатысушы 171 ұпай жинады. Ол онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Данэлия үшінші орында тұрған болатын.

Бас жүлдені 215 ұпай жинаған польшалық Роксана Венгель жеңіп алды. Екінші орынды 205 ұпаймен франциялық қатысушы алса, үшінші орынды 201 балмен автралиялық қатысушы алды.
Биыл байқауға 20 елден жас орындаушылар қатысты және Қазақстан алғаш рет бақ сынап отыр.
Данэлия Тулешова дүбірлі дода кезінде өзіне қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.


Baq.kz
26 қараша 2018 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31