Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуезі бөлек әнші бала

Әуезі бөлек әнші бала


Қандай сайыста болсын аудан намысын абыроймен қорғау, әрбір азаматтың арманы. Шиеліге сүйінші айттырып, жерлесіміз халықаралық «Дарын» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен байқаудан жүлдемен оралды.
Өлкеміз өнер десе ішкен асын жерге қойған аймақ екені әу бастан белгілі. Аламан көрсе тыпыршып, бәйгенің алдынан келуге асығатын тұлпардай талай текті азаматтардың қанатын қатайтып, өнердің аспанында самғатқанымыз белгілі. Әнмен шырайыңды кіргізетін, бетке ұстар аға-әпкелеріміздің ізіне қара ергені қуантарлық жайт. Бірақ, сахнаға шығып, шыңғырғанның бәрі әнші емес екеніне көз жеткізу қиын емес. Қазіргі кезде жанды дауыс жайына қалып, әнді «плюспен» айту, қоғамның «минусына» айналды. Бұлбұлдың сарайында қарғалар да қарқылдап жүр. Көпке топырақ шашпай, мыстың ішінен алтынды ажыратып алу мақсатында Шымкент қаласы, Саз колледжінде үлкен байқау өтті. Халықаралық байқауға Өзбекстан, Әжірбайжан, Түркия, Ресей Федерациясы және өз мемлекетіміздің балалары мен жасөспірімдері қатысқан болатын. 150-ге жуық талапкердің ішінен аудан намысын арқалап, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің І курс студенті Ерасыл Әбжәли қатысып, «Вокал» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Ауданның мақтанышы Ә.Ноғайбаев, Қ.Бекпейісов, Б.Тоймантардың ізіне тағы бір мықты әнші ергеніне куә болдық. Бағы Алладан болғанымен, бабын келтіріп жетекшілік еткен Сәкен Байсеңгіров Ерасылдың болашағынан үлкен үміт күтетінін айтты. Колледж бұжымы Е.Әбжәлиге алғыстарын айтып, биік белестерге шығуына тілектерін жеткізді.

Бекжан Ержігіт.
20 қараша 2018 ж. 1 118 0

Қоғам

СЫНАҚ. СӘТ. СЕНІМ
21 мамыр 2024 ж. 19

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9204)

21 мамыр 2024 ж.

№39 (9203)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031