Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәстүр

Дәстүр


Салт-дәстүр­лер­іміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайда­­ланылып жүр­ген болса, кейбірі ұмыт қалып барады.­ Әсіресе, жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-баба­лар­ымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті олар­ды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес.
Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанда мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.
Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
03 қараша 2018 ж. 2 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31