Тіл ұлттық сананың кілті
Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз. Сондай-ақ, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар рөлі өте маңызды. Жер бетіндегі адам баласына қатысты дүниенің негізгі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады.
Тіл – халықтың ең басты және ең үлкен белгісі. Кез келген халықтың өз ана тілі болады. Атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың бет бейнесіне айналады. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу. «Сүйемін туған тілді – ана тілін, бесікте жатқанымда-ақ берген білім»,- деп ақын С.Торайғыров бекер айтпаған. Өйткені туған тілін сүймейтін адамнан ертеңгі күні еліміздің туын көтерер нағыз ұлтжанды азамат шықпайды. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Біз көп ұлтты мемлекетпіз, сол ұлттардың басын біріктіретін, оларды бір-бірімен достастыратын – қазақ тілі.
Тіл – адам ойы мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі, қыры мен сыры мол қатынас-құралы. "Тәрбие басы – тіл" дейді Махмұд Қашқари. Тілдің адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету, сондай-ақ тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру болашақ жастардың қолында. Мемлекеттік тілдің шын мәнінде үстемдік етуі үшін талай жұмыс жасалуы тиіс және жасалады да. Тіл мәселесінің айрықша деңгейде көтеріліп жатқанының өзі бұған дәлел.
Еңлік ҚЫДЫРАЛИЕВА
Шиелі аудандық соты кеңсесі бас маманы