Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПЛАСТМАССА ҚАЛДЫҚТАРЫ 200 ЖЫЛ ЫДЫРАЙДЫ

ПЛАСТМАССА ҚАЛДЫҚТАРЫ 200 ЖЫЛ ЫДЫРАЙДЫ


Пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады. Қазіргі таңда жануарлардың шамамен 800-дей түрінің пластикті жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.
Қазақстанның мұхиттарға шығуы болмағынына қарамастан, мұхиттардағы пластмассалар, әдетте, жылдар бойы ыдырайды, алайда оның өзі толықтай емес. 2012 жылы Әлемдегі мұхиттарда шамамен 165 миллион тонна пластик қалдықтары бар деп есептелген. 2014 жылғы бағалау бойынша мұхит бетінде 268 940 тонна пластик бар, ал пластикалық қалдықтардың бөлек бөлшектерінің жалпы саны 5,25 триллион тоннаны құрайды екен. Пластиктің 200 жылға жуық уақытта ыдырайтындығын есте болса, оның қоршаған ортаға қаншама зиян келтіріп жатқанын ойлай беріңіз. Жалпы пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.
ТҚҚ үйінділерінің полигондары үнемі пластмассаның әр түрімен толтырылып тасталған. Бұл қоқыстарда пластиктің биодеградациясын жеделдететін көптеген микроорганизмдер бар. Био ыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлініп шығады, бұл атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөліп шығаратын өте күшті парниктік газ болып табылады. Пластмассалар құрамында пластиктің түріне байланысты көптеген химиялық заттардың түрлері болады. Пластмассаның жан-жақты қолданылуының негізгі себептерінің бірден-бірі құрамына химиялық қосылуы болып табылады. Пластмасса өндірісінде пайдаланылатын кейбір химиялық заттар адамдардың тамақ тізбегінің нәтижесінде жұтылу қаупін тудырады. Сондай-ақ, пластикалық ластанудың әсерінен жануарлардың да улану қаупі бар, бұл өз кезегінде адамға азық-түлік өнімдерін жеткізу барысына кедергі келтіруі мүмкін.
Өркениеттің заманауи игіліктері көбінесе адамдар үшін жайлылық жаратып қана қоймай, табиғатқа орны толмас залал келтіреді. Тек соңғы 10 жылда ғана әлемде өткен ғасырмен салыстырғанда пластикалық өнімдер көп өндірілді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгізіледі. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынатын болады.
Қоршаған ортаны қауіпсіз және таза ету өз қолымызда!
26 қазан 2018 ж. 2 410 0