Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар: Контактілі линзалар мұхит пен топырақты улауда

Ғалымдар: Контактілі линзалар мұхит пен топырақты улауда


АҚШ химиктері 45 миллионға жуық америкалықтың жыл сайын кәрізге 10 тонна контактілі линза тастайтыны туралы есеп жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ағын су арқылы өзендер мен мұхитқа ағып келетін шағын пластмассалар кейінірек ірі объектілерді құрайды. Ал уытты пластикалар теңізде өмір сүретін балық, итбалық секілді жануардың ас қорыту мүшесіне түседі.
Ғалымдар жыл сайын АҚШ тұрғындары қолданатын 3 миллиардқа жуық линзаның жағалаулардың экожүйесін улап, тірі организмдердің кейбір түрлерінің көбеюіне әсер ететінін анықтады. Олардың сөзінше, линзалар қоршаған ортаны қорғау қызметтеріне көп қиындық тудыруда.
Сонымен қатар, ғалымдар улы заттарды шығаратын кейбір пластикалық линзалар топыраққа енетін кезде, мұхитқа түспей тұрып топырақ пен суды улайды дейді. Ал, топырақ мен судағы улы зат адамдар мен жануарлардың денсаулығына тікелей әсер етіп, зиян келтіреді.
Stan.kz
24 тамыз 2018 ж. 1 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031