Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жылу беру маусымы басталды

Қызылордада жылу беру маусымы басталды

2018 жылғы 18 қазан 12:0382 Бөлісіңіз: ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы мен қаласында жылу беру маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қаладағы 1166 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілді. 692 көпқабатты тұрғын үйдің 636-сы жылыту жүйесіне қосылды. Сондай-ақ, қалған 56 тұрғын үйді жылуға қосу жалғасуда. Облыс аудандарында жылу беру 12-15 қазанда басталған болатын», - деді облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин. Жылу маусымына дайындық жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында қолға алынды. Сол уақыттан бастап жөндеу мен қысқы маусымға көмір сатып алу басталды. «Облыстық бюджеттен 250 млн теңге, кәсіпорынның есебінен - 204 млн теңге бөлініп, жылу беру қазандықтары жөнделді», - деді Қызылорда жылу-электор орталығының басшысы Руслан Нұрмағанбетов. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала, аудан әкімдеріне әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге үздіксіз және жоғары сапалы жылу, электрмен қамтамасыз етуде жауапкершілік танытып, көмір сату пункттері бойынша мониторинг жасап, жеткізу кестесін және отын бағасын қадағалау жұмысын міндеттеген еді. 

https://www.inform.kz
18 қазан 2018 ж. 1 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930