Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Іргелі істердің бастамасы

Іргелі істердің бастамасы


«Адамның дамуы» ұғымының мемлекет дамуындағы рөлі зор. Елбасы Жолдауында осы мәселеге қатты көңіл бөлінген. Адамның дамуы, әрине, оның білім деңгейіне байланысты болмақ. Осы орайда Жолдауда мектепке дейінгі білімнен бастап, білім берудің барлық сатысында сапаға барынша көңіл бөлу керектігі баса айтылды. Алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу көзделген.
Маңызды құжатта білім сапасын бағалау жүйесін халықаралық стандартқа негіздей отырып, нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету көзделген. Әсіресе, мектептің өзінде балаларды сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу, кәсіби диагностика жүргізу – кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары үшін айқын бағыт, нақты қадам болмақ. Ертеңге қадам бүгінгі істен десек, қоғам мен мемлекеттің тұғыры мықты болуы – білімде. Білімді ұрпақ – ел болашағы, ал оқу мен тәрбиенің тұтқасы – білікті педагогтың қолында. Педагог мәртебесі артқан сайын оқу мен тәрбие көкжиегі де кеңейе түспек. Осы орайда Елбасы Жолдауының рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытып, ірі істерге бастау болатыны сөзсіз.

Әбдімомын Алдияров,
Қазақстан Коммунистік халық партиясы
Шиелі аудандық комитетінің I хатшысы.
16 қазан 2018 ж. 1 066 0