Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде сүт өнімдерінің өндірісі өскен

Елімізде сүт өнімдерінің өндірісі өскен



Алматы. BAQ.KZ. Energyprom зерттеуіне сәйкес, соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша елімізде 340,3 мың тонна сүт пен кілегей өндірілген, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 7,7% артық.

Сүт өнімдерінің үштен екісін үш аймақ өндіруде, мәселен СҚО-ның үлесі 25,7%, Алматы облысы – 20,3% және Қостанай облысы – 16,6% ие.
Қазақстандық сүт өнімін шығаратын кәсіпорындар сұраныстың 96,6% қамтуда, яғни барлық импортты өз нарығымыздан ығыстыра білген. Соңғы 7 айда сырттан әкелінетін өнімдер бірден 44,5% төмендеген.
Оның үстіне, ішкі сұранысты қамтамасыз ете білген Қазақстан компаниялары экспортты бір жыл ішінде 67,2% ұлғайтқан.
Пастерленген сүттің бағасы қазан айында республика бойынша орта есеппен литріне 220,2 теңгеге тең болған, бұл өткен жылғығы қарағанда 5,5% өскендігін көрсетеді.
Майлылығы 2,5% сүттің литрі 210,2 теңгені құрап, 5,9% қымбаттаған, ал майлылығы 3,2% сүттің бағасы 231 теңге, бұл өткен жылғыға қарағанда 4,8% қымбаттаған.
Шикі сүттің бағасы бір жыл ішінде 6,1% өскен. Қыркүйек айындағы бағасы 194,9 теңгені құраған.

Baq.kz
15 қазан 2018 ж. 1 951 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930