Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҚО-да инсульт орталығы ашылды

ШҚО-да инсульт орталығы ашылды

Биылғы жолдауында Елбасы әдеттегідей медициналық қызмет сапасын арттыруға ден қою керегін баса айтты. Аталған тапсырма Шығыс Қазақстанда белсенді орындалып келеді. Таяу жылдары облыстағы ең негізгі ауруханалар мен емханалар халықаралық деңгейдегі медициналық құралдармен жабдықталады. Соңғы екі жылда бұл мақсатқа 19 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Келер жылы тағы 6 миллиард теңге қарастырылмақ. Шалғай аудандағы Алтай және Аягөз қалаларында инсульт орталығы ашылды. Бұндай соңғы медициналық технология жетістіктерімен жабдықталған мекемелерде жұмыс істейтін мамандар шет елдерде жүйелі түрде біліктіліктерін арттырады. Марат Шоранов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: - Бірнеше жылдан бері дәрігерлеріміз жыл сайын ең үздік Еуропа елдерінде тәжірибе шыңдап келеді. 2016 жылы 12 маман  Ұлыбританияда дәріс алды, ал өткен жылы 61 әріптесіміз өз кәсіптерін тереңдетіп келді. Біз бұл әдісті одан әрі жалғастырамыз. Өйткені дәрігерлер кәсіби қызметінің соңына дейін жаңашылдықты үйреніп отыруы қажет.

www.24.kz
15 қазан 2018 ж. 687 0